ТОП просматриваемых книг сайта:
.
Читать онлайн.Дәріс 2-3. Экологиялық қауіпсіздік бағытында Мемлекеттік саясаттың мақсаты
Дәріс мақсаты:экологиялық қауіпсіздікке мемлекеттің ролін анықтау.
1. Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
2. Экологиялық қауіпсіздік Ұлттық қауіпсіздтің бір бөлімі
3. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы. Экология кодексі
4. "Жасыл даму" бағдарламасы.
Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеті: халықаралық қатынастарда, интеграциялық процестерде экологиялық мәртебенің ерекшеліктерін тиісінше есепке алу;
– қоршаған ортаның жай-күйіне жүргізілетін бірыңғай мониторинггің жүйесін енгізу;
– экологиялық қауіпсіздік пен табиғат тұрақты пайдалану жөніндегі аса маңызды, соның ішінде, іргелі (фундаментальный) проблемалар жөніндегі ғылыми зерттеулердің өзара орнатылуын қамтамасыз ету;
– Қазақстан Республикасының табиғи орта сапасының жай-күйін бағалауды, оның аумағын экологиялық аудандастыру мен арнаулы картаға түсіру;
– қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқаруды реттейтін табиғат қорғау заңының жүйесін жасау, экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру;
– табиғат пайдалану жоспарларын қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты пайдаланудың экологиялық бағдарламаларын, жүйелерің әзірлеу;
– экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін дамытуды;
– қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін (механизімін) жасау;
– қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мен дүлей апаттардан сақтану проблемалары жөнінде халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу.
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары – ресурс сақтаушы экологиялық таза технологиялар әзірлеу және енгізу, жұмыс істеп тұрған өндірістік процестерді моделдендіру және жетілдіру жолымен республиканың әлеуметтік-экономикалық және адам тұрмысының дамуын қамтамасыз ету.
1998 жылғы 26 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңында «экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі» деп анықтама берілген.
Сонымен экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не? Шамамен экологиялық қауіпсіздіктің 500-ге тарта анықтамасы бар екен. Бірақ кәдімгі қарапайым деңгейдегі түсінікке аударсақ, онда бұл дегеніміз халықтың антропогенді және табиғи факторлардан тұратын теріс мәнді биологиялық