Скачать книгу

rel="nofollow" href="http://kk.wikipedia.org/wiki/2003">2003 жылы – Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік-құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.

      Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдың ұлттық жоспарларын әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жүмыс жолға қойылды.

      Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетгі экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.

      Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.

4. «Жасыл даму» бағдарламасы

      Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл өсу» жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруда Азия және Тынық мұхит, Еуропа елдеріне серіктестік жәрдемдесу жолындағы «Жасыл көпір» атты Астана бастамасы жүзеге асырылуда. Бастама сектораралық, ішкі аймақтық және аймақаралық бекініске бағытталған. Қазіргі заманғы құралдар байланысымен сараптамалық және ақпараттандыруды қамтамасыз ететін «Жасыл өсу» кеңсесі құрылды. «Жасыл өсу» кеңсесі Қазақстан және Орталық Азия, Еуропа аймағында қызмет бағыттары тәжірибелері жөнінде толық ақпарат таратуға мүмкіндік береді. Қазақстанның энергиялық тиімді және төмен эмиссиялық технологияларды қолдану арқылы «Жасыл даму» жолын таңдауы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының жаңа сапалық деңгейіне шығуға өз септігін тигізеді деп айтуға болады. Осы мақсатта Үкімет 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасын бекітті. Бағдарлама жасыл экономиканы дамытуға, қоршаған орта мен денсаулыққа зиян келтіретін антропогендік ықпалды азайтуға, табиғи экожүйені қалпына келтіру мен сақтауға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуды басқару жүйесін дамытуға бағытталып отыр. «Жасыл даму» бағдарламасы шеңберінде шешілетін тағы бір мәселе – Каспий теңізінен өндірілетін мұнайдың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл Мексика шығанағындағы соңғы жаңалықтармен өзекті екендігі баршамызға мәлім. Осындай мәселелер көп елдердің қызығушылығын танытып, оны бірлесіп шешуге мүмкіндік тудырады. 2007 жылы барлық Каспий жағалауындағы мемлекеттермен арадағы Каспий теңізінің су айдынын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенция күшіне енді. Осы Конвенция Каспий теңізіне антропогендік ықпалды реттеудің негізгі бағытын анықтау, Каспий теңізінің биологиялық және басқа коммерциялық ресурстарын қалпына келтіру, сонымен қатар, Каспий бойы мемлекеттерімен бірлесіп, кешенді мәселелерді шешу мақсатында қабылданған бірінші аймақтық конвенция болып табылады.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен V Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ,

Скачать книгу