Тек отыз жыл босудан кейін ғана урусидтарға құты оралды. 1457 жылы Абулхаир ойраттармен соғыста ойсырай жеңілді және бұл хан беделінің түсіп кетуіне қатты ықпал етті. Ұзынқұлақтың арқасында бұл хабар бүкіл қыпшақ даласына аса тез тарады. Және тез арада Керей мен Жәнібек өзінің жауы ордасындағы ахуал жөнінде толық ақпарат алды. Бірақ өздерінің таққа хұқығы жөнінде айту әлі ертелеу еді. Алдымен одақтас табу қажет болатын. Могол ханы Есен Бука Керей және Жәнібекпен кездесуге бар пейілімен барды және оларға өз территориясына көшіп келуді ұсынды. Бірақ ол тек қана ыстық пейілден жасалған ұсыныс емес еді. Моголдарға ылғида қырғыздар мен ойраттар шабуылдайтын және олармен күрес онша табысты болмайтын, сондықтан Есен Бука Керей мен Жәнібекті шекарашылар ретінде пайдаланғысы келді. Сонымен бірге, могол билеушісі Абулхаир жағынан агрессия болуынан сескенді. Келісімге жеткесін, сұлтандар шамасы 1460 жылы Моголистан территориясынан көшіп үлгірді. Бұл көш туралы, Еділ мен қоштасу туралы деректер де жыраулар поэзиясынада атышулы Қарғабойлы Қазтуғанға телінетін толғауда сақталған. Жаңа жерде «Тарихи Рашиди» да айтқандай, Керей мен Жәнібектің жақтастары көбейе бастады, бұл енді Абулхаирды толғантпай қоймады. 1468 жылы хан ескі жауларының және олардың қолдаушысы Моголистан ханының сазайын берейін деп, қол жинауға жарлық береді. Бірақ жорықта Абулхаирға суық тиіп, ол көп ұзамай өледі. Жаңа хан боп марқұмның ұлы Шайх Хайдар сайланады. Марқұм ханның көптеген жауларына шабуылға шығудың сигналы болды. Біраздан соң Шайх Хайдар өлтіріледі де, ұлыстағы билік Керей мен Жәнібекке көшеді. Шибандар биліктен айырылғанына еш көнгісі келмеді. Абулхаирдың сүйікті немересі Мухаммед Шейбани Мәураннахр мен Хорезмді жаулап алғаннан кейін Керей мен Жәнібектің балдарына қарсы дүрсін-дүрсін соғыс ашты. Оның жарлығымен урусидтерге бағынған тайпалар Орта Азияның отырықшы тұрғындарымен сауда жасай алмайтын болды. Сонымен бірге, оларды мұсылман емес деп жариялап, имамдар Урусхан ұрпағына қарсы күресті кәпірлерге қарсы жихад деп жарлық шығарды. Онан зоры, дәл осы Шейбанидің жарлығымен урусидтер династиясының өкілдерін сарай ішінде казак деп атай бастады. Бұл бірінші рет Ибн Рузбеханидің «Бұхар қонағының жазбалары» (1509 ж.) беттерінде көрініс тапты. Шейбанидің жастық шағы жөнінде оның тарихшылары қазақылықтың даңқты дәуірі ретінде жазды. Бірақ мұнда далада қаңғып жүріп көптеген жауларға қарсы тұрған жас ханның батырлығы мен ерлігі жөнінде баяндалды. Ал Жәнібек пен Керейдің ұлдарын қазақ дегенде сарай тарихшылары кешегі өткен шақтың оқиғаларын бұрмалап, олардың статусын төмендетуге тырысқан. Сөйтіп, Абулхаир емес, Керей мен Жәнібек билікті тартып алушы бұзақы казактар деп жарияланды. Жаңа атау өзге авторлар арасындада тез тарап кетті, өйткені Мәуреннахрға көшкен өзбектерді, олардың Дешті Қыпшақта қалған ағайындарынан ажырату оңай болды. Әйтсе де, Шейбанидің қарсылас династия өкілдерінің статусының төмендетуге тырысқаны табысты болмауы