ТОП просматриваемых книг сайта:
Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Читать онлайн.Название Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер
Год выпуска 2014
isbn 978-601-80330-0-1
Автор произведения Канат Нуров
Издательство Фонд "Аспандау"
Автор Р. Темиргалиевтің Қазақ хандығының негіз қалаушы атасы Урусханның шығу тегінің Жошының үлкен ұлы Орду Еженнен тарайтынына сенім білдіргенін аса құнды санайтынын атап өткісі келеді. Бұл қазақ халқының тарихына және мемлекеттілігіне біртұтас негіз және логика береді.
Р. Темиргалиев өзіне үлкен жауапкершілік алып, Өтеміс қажының «Шыңғыснамесінің» шынайы дүние екеніне күмәнмен қарайды. Бұл өте қызық, дәл осы қайнаркөзді В.П. Юдин сияқты өте беделді, ешкімге ауыз аштырмайтын тарихшы жоғары бағалаған еді. Кейін С. Акимбеков өзінің зерделуі жөніндегі жарқырақ «Далалар тарихы» кітабында Юдин, Абусеитова және өзге зерттеушілердің Урус ханның Жошының бірінші ұлынан емес, он үшінші ұлы Тока Тимурдан туды деген қауесетті тек күмәнға ғана алады.
Т. Султановтың пікірін қоштап, Акимбеков: «сол қанат хандары Чимтай, Баян, Құйыншы, Сасы Бұқа өзге қайнаркөздерден белгілі» – деген пікірді негізге алып, таза аналитикалық түрде Урустың шығу тегі Ордадан болу керек деген еді. Ал Темиргалиев болса бұл мәселе жөніндегі барлық танымал қайнаркөздерді негізге алып, мұны өте нақты, сенімді айтады.
Дәл білім мен ең аса негізделген болжамның арасындағы айырмашылық өзге нәрселерге қарағанда ең маңызды боп қалады және тек ғылым емес, кейде тіпті жеке адам үшін де.
Мұнда орыс казактары мен қазақтардың өз-өздерінің атауы казак ежелгітүрік ұғымынан шығуы жөніндегі және әлеуметтік институт ретіндегі қазақылықтың этникалық мағынасы жөніндегі автордың пікірі Темигалиевтың ізденуі арқылы жоққа шығарылмайды, қайта дәлелденеді. «Бәрімізге белгілі кеңестерден бұрынғы кезеңде қазақ халқы Ресейде киргиздар немесе киргиз-кайсактар ретінде белгілі болатын. Алғашқыда осылай қазақтарды XVIII ғасырдың бірінші жартысында атады.
Және бұл туралы И. Ерофеева кездейсоқ жағдайда болды десе де (ол кездейсоқ емес еді, Ұлы Жүздің қазақтары өздерін шынымен де қырғыз-қазақтар деп атаған), ұғым ресми іс жүргізуде және кейін қоғамда өте тез орнығып, тез тарады, өйткені шатасудан қашуға мүмкіндік берді. Петрдан бұрынғы Русьте қазақтарды казак деп атаған. Және егер