ТОП просматриваемых книг сайта:
Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Читать онлайн.Название Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер
Год выпуска 2014
isbn 978-601-80330-0-1
Автор произведения Канат Нуров
Издательство Фонд "Аспандау"
Автор ежелгі монгол мен қыпшақтар этнотанымы жөнінде бір дегенге келіседі, бірақ олардың арасындағы туыстық байланысты жоққа шығарады, өйткені әлгі келтірілген қайнаркөздердің деректері Сыпатай мен Жебенің әскери тактикалық мақсаттағы қулығын паш етіп тұр, сонымен бірге, олар қыпшақтардың кейін Русь пен Хорезмде «татар» қордалы атауын алған Шыңғысханның нирундары және турлигиндары емес, керісінше, оның жаулары – ежелгі монголдық татарларымен байланысы жөнінде баяндайды. Сонымен бірге, автор далалықтар үшін тілдің этносқұраушы маңызын төмендету нышанымен келісе алмайды. Бәрінен бұрын әлгі аталған тайпалар Монголия жерінде болсын, Қазақстан жерінде болсын, ол кезде бәріне ортақ түркімонгол тілінде сөйлеген. Жошыда бас бәйбішесінен екі ұл болған (Орду және Бату) және өзге әйелдерінен он жеті ұл болған. Бұл тұрғыда Өтеміс қажының «Шыңғыснамесіне» толығынан сенуге болады. Темиргалиев олардың ең танымалы Орду Ежен, Бату, Берке, Шибан және Тукай-Тимур болған деп дұрыс айтады. Үлкені Орду Ежен болатын, таққа сол отыру керек еді. Бірақ заңды мұрагер онша тәкаппар болмағандықтан, өзіне тиісті жоғарғы билікті өзінен әлдеқайда қуатты інісі Батуға сыйлайды. Ал ол болса, Дешті Қыпшақтың батыс бөлігін бағындырғаннан кейін, ордасын Еділ бойына қойып, Хорезмнен бөлек әкесінің жерін ағасы Орду Еженнің билігіне қалдырды. Қазіргі Қазақстан территориясының көп бөлігінде орналасқан бұл ұлыс Ақ Орда деп аталды (бұл атаудың шарттылығы жөнінде автор жоғарыда айтқан: тек барлық Бату ұрпақтары өлгеннен кейін ғана Көк Орда Ақ Орда атауымен бірге аталатын болды. – Авт. еск.). Алтын Орданың құрамындағы Ақ Орда көп артықшылыққа ие болды. Орду Ежен ұрпағынан шыққан хандар өз құрылтайларында сайланды және сондықтан Бату мұрагерлерінің бұл ұлыстың ішкі істеріне ықпал етудің еш нақты мүмкіндігі болған жоқ. Оны аз десеңіз, Рашид ад-Динның айтуынша Монгол империясы астанасы Қарақорымнан келген жарлықтарда Жошы ханның үлкен ұлы ретіндегі Орду Еженнің аты Бату есімінен бұрын жазылған. Ақ орданың Дешті Қыпшақтың жоғарғы билеушісінен тәуелділігінің бір көрінісі: Орду Ежен өз жарлықтарында алдымен Батудың есімін жазған. Сонымен бірге, Ақ Орда билеушілері соғыс кезінде сарай хандарына әскер жіберіп отырған. Ақ Орда билеушісіне оның өзге інілерінің ұлыстары бағынған. Мысалы, Рашид ад-Динның айтуынша, Орду Ежен әскерімен және Удур, Тука Тимур, Шингкур және Симкум атты төрт інілерімен әскердің сол қанатын құраған, оларды әлі күнге шейін сол қанат ханзадалары деп атайды. Тура Орду Еженнің өзіне, қайнаркөздердің деректері бойынша, коңырат, меркит, йисут, кереит, арғын, кингит және өзге тайпалар бағынған. Бұл уақытта қыпшақ тайпаларын