Скачать книгу

кітапқа енген. Бірінші бөлім тарихқа дейінгі Қазақ даласындағы, яғни тас, қола дәуіріндегі тарихи үдерістерді қамтиды. Бұл кезеңде адамның пайда болуы, қалыптасуы және алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен халық ретінде орнығып, қалыптасу үдерісі жүрді. Қазақстандағы қола дәуірі мәдениетінің дамуындағы, таралуындағы өзіндік ерекшеліктер курсты оқытуда айқын байқалады. Аридтық табиғи-географиялық жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз әсерін тигізді. Көшпелі өркениеттің Қазақстан аумағындағы халық қауымдастығын қалыптастырудағы маңызды рөлі мен орны осы оқу курсында жан-жақты және нақты ашылған.

      Екінші бөлімде Кдзақстан территориясында ерте темір дәуіріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу және өркендеу мәселелері қарастырылады. Бұл кезеңде Орталық Азияда прототүрік, яғни арғытүрік этникалық бірлестіктері әрекет жасап, олар болашақ түркілер қауымдастығының орнығуларына қажетті негіздер қалады.

      Үшінші бөлім Орталық Азиядағы және Қазақстан аумағындағы түркі мемлекеттерінің этносаяси мен мәдени тарихына арналған. Мұнда Орталық Азия аймағынан бастау алып, Қазақстан аумағын атақоныстарына айналдырған әр түрлі қағанаттар мен елдердің және мемлекеттік бірлестіктердің аса күрделі тарихи тағдырлары нақты әңгіме болады. Бұл үдерістер ерте орта ғасырларды (VI ғасырдың ортасынан-ХІІ ғасырды), яғни Қазақстан территориясында моңғол шапқыншылығына дейін бірін бірі ауыстырған Батыс түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Оғыздар, Қарахандар, Қимақтар және Қыпшақтар мемлекеттері өмір сүрген кезеңді қамтиды. Еуразия құрлығының бөлінбес бөлігі ретінде Қазақстанның басқа түркі тілдес халықтармен ортақ тарихы және жалпы мәдениеті курста баяндалған. Мұнда арғықазақтарды (протоқазақтарды) қалыптастырған этно-әлеуметтік және этно-саяси үдерістер, Жалайыр, Найман, Керей, Қоңырат, Алшын, Қыпшақ, Қаракесек тәрізді Алаш қауымдастығының негізін қалаған тайпалар мен тайпалық одақтардың қалыптасу және қазіргі Қазақстан аумағына орнығу тарихы жан-жақты айтылған.

      Ал, төртінші, бесінші бөлімдер екінші кітапқа енген. Төртінші бөлім соңғы орта ғасырлардағы қазіргі Қазақстан аумағындағы және оған көрші аймақтардағы ХІІІ ғасыр басынан ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегіне дейінгі орын алған оқиғаларды қамтиды. Бұл кезеңде ежелгі Оғыз және Қыпшақ далаларының Моңғол мемлекеттік жүйесіне (ХІІІ ғ.) кіруі, моңғол мемлекеттік құрылымы мен ұлыстарының ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы жаңа саяси құрылымының қалыптасуын қарастыра келе, ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуымен аяқталады. Бұл маңызды кезең шын мәнінде «Үш сан Алаш», «Алты сан Алаш» атты этно-әлеуметтік бірлестіктердің этно-эволюциялық тұрғыдан нығайып, жаңа «Қазақ» атты елді тарих сахнасына шығаруына алып келді. Оқулықта міне осы маңызды мәселеге арнайы мән берілген.

      Бесінші бөлімде Қазақ хандығының XV ғасырдың ортасындағы – ХVІІІ ғасыр басындағы Орталық Азияда елеулі рөл атқарған орталықтанған мемлекет, біртұтас этносаяси организм ретіндегі орны мен рөлі ашылып көрсетіледі. Мұнда аса маңызды мәселе – Алаш қауымдастығы негізінде орныққан Қазақ халқының мемлекет құрушы елге айналу тарихы жан-жақты қарастырылған. Бұл бөлім қазақ жүздерінің шығу себептерін талдай келе, Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына кірген кезеңімен аяқталады. Осы уақыттан бастап қазақ халқы жаңа да күрделі геосаяси жағдайға кезікті. Енді оның отар елге тән, Ресей құрамындағы интеграция үдерісі басталды. Соңғы алтыншы бөлімде қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық қатынастарының ерекшеліктері, саяси мемлекеттік құрылымы қарастырылады.

      Алғашқы студенттік курста оқытылатын бұл пәннің мақсаты: Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірден ХІІІ ғасырдың басына дейінгі тарихи үдерістің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы толық түсініктер беру. Тиянақты түрде және сан қырлы негізде қазақ халқының шығу тегіне қатысты мәселені айқындап, қазақ мемлекеттілігінің шығуының және қалыптасуының тарихи сатыларын және оның өркендеу ерекшеліктерін, этникалық территориясының қалыптасу және қазақтың ұлттық мәдениетінің қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету.

      Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:

      Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып хронологиялық тұрғыдан студенттерді мол фактологиялық материалдармен таныстыру;

      – Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуірдегі және орта ғасырлардағы тарихи-этномәдени үдерістердің негізгі кезеңдерін және олардың өзіндік сипатын айқындау;

      – «Көшпелілік өркениеті» феноменінің мазмұнын, оның қазақ халқының өміріндегі маңызын ашу;

      – түркі этно-саяси құрылымдарының қалыптасу ерекшеліктерін ашу;

      – қазақ халқының этногенезінде маңызды рөл атқарған қыпшақ және оғыз этно-саяси үдерістерінің ықпалдарын көрсету;

      – Ұлы Жібек Жолының ежелгі және ортағасырлық Қазақстан аумағының саяси, экономикалық және мәдени өміріне қосқан үлесін айқындау;

      – моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстан аймағының саяси, экономикалық және мәдени дамуы туралы тиянақты түсінік қалыптастыру;

      – кейінгі орта ғасырлар кезеңіндегі

Скачать книгу