ТОП просматриваемых книг сайта:
Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық. Т. Омарбеков
Читать онлайн.Название Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-2466
Автор произведения Т. Омарбеков
Жанр История
Издательство КазНУ
– баяндаманың алдыңғы тақырыпппен немесе сұрақтпен байланысы;
– мәселенің мәнін ашу;
– мәселенің ғылыми, кәсіби және практикалық қызметтегі методологиялық мәніметодологическое маңызы.
әрине, студент кез-келген семинар сабағында сөз-сөйлегенде дәл осы тәртіпті қатал ұстануы қажет емес, дегенмен аталған сұрақтардың барлық қырлары ашылуы керек.
Семинарға қатысушылар келтірген фактілер мен мысалдар пәннің мазмұнына сәйкес, талқыланып отырған сқраққа тікелей қатысты болуы тиіс. Студенттік сөзі логика талаптарына сәйкес болуы тиіс. сұрақты нақты, әрі дәл баяндау, аталған мәселеге қатысты ғана нақты деректер мен зертттеулер,е фактілер мен матариалдарға ғана құрылуы тиіс. келтірілген аргументтредің жеткілікті болуы, қажетті ғылыми терминдерді, түсініктерді дұрыс қолдана білуі шарт.
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДАЛУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЛАР
Семинар 1. Тақырыбы: Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша деректер
1 Көне парсы тіліндегі дерекер мен ортаңғы Иран ескерткіштері
2 Ежелгі Қазақстан тарихына қатысты анитика тарихнамасы
3 Қытай деректері және олардың зерттелуі
4 Араб-парсы тіліндегі жазба деректердің маңызы
5 Археологиялық деректер: археорлогиялық проблемалар және оларды зерттеу
Семинар сабағының мақсаты: Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша деректер көлемімен, олардың деректік ерекшеліктерімен таныса отырып, оларды нақты тарихи оқиғалар мен үдерістер бойынша тарихи дерек ретіндегі талдау, оқу үдерісі мен ғылыми жұмыстарда пайдалана білу дағдысын қалыптасыру.
Сабақ өту формасы: жоғарыда берілген семинар тақырыбының жоспары бойынша кеңейтілген талқылау.
Семинар сабағына дайындалу бойынша қойылатын талаптар: Семинар сабақтарына дайындалу барысында әрбір тапсырма бойынша берілген нақты әдебиеттермен танысу, жазба деректердің сипаттамасы, авторы, дерек ретіндегі ерекшелігі және зерттелу деңгейі бойынша материалдарды конспектілеу міндетті.
Фактологиялық мәліметтерді баяндаумен қатар, дерек авторлары мен еңбекті дерек ретінде зерттеген ғалымдардың ғылыми бағыттарын, ұстанған концепциялары мен тарихи көзқарастарын анықтау, олардың көшпелі қоғам мәселесіне байланысты нақты ұстанымдарын айқындауға ұмытылу қажет.
Ғылыми факті – деректегі орын алған білім дәлелденген және қорытындылаушы тарихи білім болып саналатын ерекше түрдегі мәліметтің бейнесі. Мұның өзі факті тарихшының ғылыми тұжырымдамасына, оның тарихи пайымдауларына сәйкес өңделеді дегенді білдіреді. Бұған қоса фактілік білім болып ол шынайы, ғылыми проблеманы шешуге қызмет ететін, ғылыми білімнің логикалық құрылымы