Скачать книгу

рейтингтік агенттіктер мен консалтингтік фирмалар тарапынан берілетін алғашқы аналитикалық ақпарат, сыртқы және ішкі аудит қорытындылары ақпараттарды жинау әдістері ретінде қарастырылады.

      Тәуекелді талдау және бағалау кезеңінде тәуекел факторларын анықтау және идентификациялау, көрсеткіштерді таңдау және тәуекел деңгейін бағалау жүргізіледі.

       Компания тәуекелдерін талдау қызметті орындау қажеттілігі туралы шешім қабылдау барысында әлеуетті серіктестерге керекті мәліметтерді беру үшін және мүмкін болатын қаржылық шығындардан қорғану шараларын алдын ала болжау үшін қолданылады. Тәуекелді талдау өзара бірін-бірі толықтыратын сапалық және сандық талдау негізінде жүзеге асырылады.

      1-сурет. Тәуекелді басқару үдерісі

      Сапалық талдаудың негізгі мақсаты тәуекел факторларын болжау немесе анықтау, тәуекелдің пайда болу кезеңдерін, яғни тәуекелдің әлеуетті аймақтарын белгілеу болып табылады.

      Тәуекел факторларын болжау стратегиялық талдау, компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасын талдау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      Тәуекел факторларын болжаудағы стратегиялық талдау әдістеріне Бостон матрицасы, бизнес экраны матрицасы, салалық талдау, стратегиялық топтарды талдау және SWOT-талдау жатады.

      Бостон матрицасы оңтайлы тауар немесе бизнес портфель арқылы ресурстарды орналастыру үдерісін бағыттауға керекті стратегиялар кешенін анықтауға негізделген. Бостон матрицасының негізінде жасалған талдау компанияға бизнес бағыттарын дұрыс таңдалмау тәуекелін, стратегиялық бағытқа сәйкес анықталған нарықтың өсу қарқынын және компанияның нарықтағы үлесін дұрыс анықтамау тәуекелін, бәсекелестер тарапынан жағымсыз әсердің болу тәуекелін анықтауға мүмкіндік береді.

      2-сурет. Тәуекелді сапалық талдау әдістерінің құрылымы

      – бизнес экраны матрицасы компанияның күшті жақтарын талдаумен саладағы сыртқы ортаны талдауды біріктіру арқылы компанияның бәсекелестік қабілеттілігін сипаттауға негізделген. Компания бизнес экраны матрицасын өз бөлімшелерінің портфелін тұрақты түрде қадағалау немесе портфельдің қолданылуын жетілдіру үшін қаржылық стратегияларды өңдеу барысында қолданылады;

      – салалық талдау саланың табыстылығын айқындауға және оны арттыруға немесе төмендетуге әсер ететін жағдайларды анықтауға бағытталған. Салалық талдау нарыққа енуге дайын жаңа компаниялардың пайда болу қаупін, жеткізушілер мен сатып алушылардың нарықтағы ықпалын, ұқсас тауар өндіруші компаниялардың пайда болу қаупін және нарықтағы бәсекелестер арасындағы қарсыластықты сипаттайтын М. Портердің бес күш моделіне негізделген;

      – SWOT-талдау компанияның мүмкіндіктері (күшті және әлсіз жақтары) мен сыртқы жағдайды (мүмкіндіктер мен қауіптерді) салыстыру барысында қолданылады. SWOT-талдау негізінде компанияның қызметінде кездесетін тәуекел факторларының жиынтығын (компанияға сырттан әсер ететін қауіптерді

Скачать книгу