ТОП просматриваемых книг сайта:
Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев
Читать онлайн.Название Халықаралық транспорт операциялары
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-0691-9
Автор произведения М. Байгісиев
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Халықаралық жолаушы қатынастары. Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда, туристік, ғылыми және мәдени байланыстардың тереңдей түсіп, интернационалдануы дүниежүзінің барлық елдерінде тұрғындардың халықаралық қозғалысын арттыра түсті. Бүгінгі таңда жыл сайын бірнеше миллиард жолаушы халықаралық сапарларға шығуда. Мұның өзі әуе транспортының басқа транспорт түрлерімен салыстырғанда сөзсіз артықшылықтарын халықаралық жолаушылар қатынастарында кең фюзеляжды реактивті жайлылығы жоғары ұшақтарды қолданысқа беру нәтижесінде орын алды. Әуе транспортымен қатар ішкі құрлықтық халықаралық жолаушы тасымалдауда автомобиль және теміржол транспорттары кеңінен қолданылады. Теңіздік және өзендік транспорт жолаушы қатынастарында халықаралық туристік круиздер ұйымдастыру арқылы кеңінен танымал.
Халықаралық тасымалдар транспорты. Әлемде ұлттық транспорттық жүйеден дербес, жекеленген, тек қана жүк пен жолаушы тасымалы үшін ғана арналған халықаралық транспорт жоқ. Халықаралық тасымалдар жеке елдің транспорт жүйесіне кіретін, өзінің жылжымалы құрамын (теңіз және өзен көліктері, ұшақтар, вагондар, автомобильдер) және де транспорттық желілерді, транспорттық тораптарды (теңіз және өзен порттары, әуежайлар, теміржолдар және автостанциялар, жүк және жолаушы терминалдары) қолданатын әртүрлі елдердің ұлттық тасымалдаушыларымен бірге жүзеге асырылады.
Әдетте, халықаралық саудада тауар жеткізу процесінде ең алдымен, оның ішкі өндірілген А пунктінен сатушы елдің Б шекара пунктіне (портына) жеткізу орын алады; одан әрі халықаралық транзиттік немесе теңіздік Б пунктінен сатып алушы елдің В шекара пунктіне (портына) тасымалдайды (егер серіктес елдердің ортақ құрлықтық шекарасы болмаса) және В пунктінен ішкі қолданыс үшін Г пунктіне дейін тасымалдайды.
Тікелей мағынасында А – Б, Б – В, В – Г бөліктеріндегі жүк тасымалын транспорттық операциялар деп түсінуге болады. Бұл операциялар жүк иелері мен транспорттың тиісті түрінің тасымалдаушысы арасындағы келісімшарт арқылы жүзеге асырылады. Егер транспорттық операциялар сыртқы саудалық жүктің Б – В бөлігінде тасымалданумен байланысты болса, онда ол халықаралық болып саналады. Осындай транспорттық операциялар нәтижесінде жіберуші мен алушының және тасымалдаушының араларында пайда болатын құқықтық қатынастардың халықаралық сипаты бар. Сондықтан, ол қатынастар халықаралық құқықтың нормаларымен реттеледі.
Халықаралық транспорттық операцияларды жүзеге асыруда тасымалдаушылар жүк иелеріне халықаралық саудада ерекше тауар болып саналатын транспорттық қызмет көрсетеді. Халықаралық транспорттық қызметтер халықаралық транспорттық нарықта сатылады және сатып алынады. Транспорттық қызметтің бағасы және оларды ұсынудың басқа да шарттары, бір жағдайларда, екі мүдделі жақтың келіссөз тақырыбы болып табылатын болса, екінші жағдайларда қызмет көрсету бағасын тасымалдаушылардың