ТОП просматриваемых книг сайта:
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Читать онлайн.Название Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014)
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-1713-7
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
13-14 шілде. АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқығы және еңбек бойынша көмекшісі Дж. Шэттактың Қазақстанға жұмыс сапары. Дж. Шэттактың Сыртқы істер министрлігіндегі кездесуі барысында Қазақстандағы демократиялық қайта құрылулар мен экономикалық реформалар мәселелері талқыланды.
24 шілде. Қазақстанның МАГАТЭ-мен кепілдіктер туралы келісімге қол қоюы.
26-28 шілде. Франция Ұлттық жиналысының шетелдік істер жөніндегі комиссия вице президенті, «Франция-Қазақстан» тобының төрағасы Эмери де Монтескьюдің Алматыға сапары.
7-8 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Эстонияға барды. Екі ел басшысы екіжақты қатынас мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. ҚР мен Эстония Республикасы арасындағы өзара қатынастардың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Тараптар сауда келісімінің дайындалуын жеделдетуді, транзит мәселесін шешуді, кедендік саладағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.
8-10 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Литваға ресми сапары болды. Мемлекет басшылары 1993 ж. Өзаратүсіністік және ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында қызметтердің бағыттары анықталған декларацияға қол қойды. Тараптар Арал мен Балтық теңізінің мәселелеріне көп көңіл бөле отырып, қоршаған ортаның ластануын жою тәжірибелерімен бөлісуге келісті. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы келісімге, Қазақстан мен Литва үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің мерзімін ұзарту туралы хаттамаға, Литва кемежайларын қазақстандық жүктерді өңдеу және жөнелту үшін қолданылу туралы хаттамаға қол қойылды.
10-11 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті. Келіссөздер барысында тараптар көптеген экономикалық, қорғаныс, гуманитарлық сипаттағы мәселелер бойынша ойларымен алмасты. Екі ел басшысы Украинадан жер аударылған халықтардың тарихи отанына қайтып оралуы мәселесін пысықтау туралы келісті.
22 тамыз. Орталықазиялық одақтың мемлекетаралық кеңесінің Атқарушы комитеті туралы ереженің мүше-елдер басшылараның кездесуі барысында бекітілуі. Онда Атқарушы комитет қызметінің негізгі бағыттары анықталды.
15 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Литва премьер-министрі А. Шлежявичуспен кездесті. Кездесу барысында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы екі ел үкіметі арасындағы келісімге, Қазақстан мен Литваның Ұлттық банкі арасындағы есептерді ұйымдастыру туралы келісімге, Клайпеда кемежайының қазақстандық жүктерді жеткізу үшін қолдану туралы хаттамаға қол қойылды.
16 қыркүйек. ҚР-ның Ресейдегі елшілігіне Ресейдің Каспий теңізінің құқықтық жүйесіне қатысты алғашқы ұстанымы көрсетілген Ресей Федерациясы СІМ нотасы табысталды.
17 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға сапармен келген Украина премьер-министрі В. Масолмен кездесті. 16-18