Скачать книгу

айналасы, Абайтану, Қазақ халқы ақын атын ардақтайды деген тақырыптық тұрақты көрмелерден тұрады. Бұл бөлімдерде Абай өміріне байланысты архивтік құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этногр. тыныс-тіршілігін бейнелейтін заттар, колөнері мен бейнелеу өнерінің Абай тақырыбымен өзектес ілкі туындылары, сирек кездесетін қолжазба мұралар, кітаптар, фотодеректер, т.б. құнды мұрағаттар қойылған. Абайдың өзі 1885 ж. Семейдегі тарихи-өлкетану музейі қорына тапсырған байырғы ұлттық бұйымдар, ақын шығармалары, алғашқы кітаптары, Абайдың дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған өлеңдері, Абайдың әдеби мектебінің аса ірі өкілдерінің шығармалары, сондай-ақ абайтанушы ғалым-зерттеушілердің бірегей еңбектері сақтаулы тұр.

      АВСТРАЛИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ГАЛЕРЕЯСЫ – Австралияның Канберра қаласында орналасқан осы континенттегі ірі музей. Оның қорында әлемнің әр еліне тиесілі 100 000-нан аса экспонат бар. Галереядан автралиялық суретшілер туындыларын, аборогендер өнерін, азиялық өнер туындыларын, еуропалық, американдық көркемсурет туындыларын, қолданбалы өнер туындыларын, фотосуреттер мен мүсіндемелерді кездестіруге болады. Австралиялық қор жинағы көркемсурет, мүсіндеме, гравюра, сызба, кескіндеме, фотосурет, қолданбалы өнер туындыларынан тұрады. Онда белгілі австралиялық суретшілер Том Робертс, Фредерик Маккаббин, Артур Стритон, Сидни Нолан, Артур Бойда туындылары сақталған. Азиялық өнер туындылары қатарында қытай фарфорлары, үнді мүсіншелері мен миниатюралары, жапон гравюралары көз тартады. Еуропалық және американдық өнер туындыларынан 19-20 ғ. – лар жұмыстары қойылған. Олардың қатарында Виллем де Куннинга, Константин Бранкузи, Генри Мурра, Люсьен Фрейда, Дэвид Хокни еңбектері бар. Құнды экспонаттар қатарында 1973 жылы 1 милл. АҚШ долларына жуық қаражатқа сатып алынған Джексон Поллоктың «Көк бағаналар» (1952) атты туындысы бар.

      АКАДЕМИЯ ГАЛЕРЕЯСЫ – Венецияда орналасқан. Италиядағы өнер туындыларын сақтап отырған ірі мекеме. 1807 жылдан бүгінгі күнге дейін Венецияның тарихи-мәдени ескерткіші, 1452 жылы архитектор Бартоломео Бонаның жобасымен салынған Санта Мария делла Карита шіркеуі ғимаратында орналасқан. Академия галереясы Венециан мектебінің ең бай жинағын сақтап экспозициялаған. Экспозицияда Венециан мектебі туындылары хронология бойынша қойылған. Экспозициядағы ерте өркендеу дәуірінен Паоло және Лоренцо Венециан, 15 ғ. көркемсуретінен Джоанни және Джентиле Беллини, Андреа Мантеньи жұмыстары, Виттор Карпаччоның «Әулие Урсул өмірінің көріністері», Джорджоненің «Найзағай» атты туындылары, 16 ғ. көркемсуретінен Тицианның жұмыстары, Якопо Тинтореттоның «Құлдың кереметі», Паоло Веронездің «Левия үйіндегі ойын-сауық» атты туындысы, Лоренцо Лотто туындылары, 17-18 ғ. – лардағы Франческо Нварди, Каналетто, Джованни Батиста Пьяцетт, Пьетро Лонги, Джованни Батиста Тьеполо жұмыстары құндылықтар қатарында.

      АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ – 1923 ж. 1 мамырда құрылған мәдени-ағарту мекемесі. Музейдің алғашқы экспозициясы түрлі мекемелер

Скачать книгу