ТОП просматриваемых книг сайта:
Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн.Название Музейлік электронды сөздік
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-1737-3
Автор произведения Тәттігүл Картаева
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
ВИРТУАЛЬДЫ МУЗЕЙЛЕР – 1) Виртуальды кеңістікте орналасқан, компьютерлік технологиялар көмегімен жүзеге асырылған музейлер моделі. 2) Қалыптасқан музейдің электронды кеңістіктегі филиалы немесе музейдің интернет жүйесіндегі сайт орны. В. м. жетістігі музейлердің орналасқан мемлекетіне бармай-ақ, үйде, мекемеде отырып, музей экспозициясына ғаламтор жүйесі, аудиотехникалар, мультимедиалық қондырғылар, интерактивті қондырғылар көмегімен саяхатқа шыға аласың. Мұнда музей заттары «виртуальды экспозицияда» орналасады. В. м. – ге саяхатты электронды жасалған аудиогидтер жүргізеді. В. м. жасау ісі 20 ғ. – дың екінші жартысынан бастап қолға алынып, қазіргі таңда кең қолданысқа ие болған. В. м. – ге саяхатқа шығу арқылы виртиуальды турист бола аласың (). Әлемнің бәсекеге қабілетті, дамыған елдерінің басым бағыттардың бірі инновациялық нанотехнологияларды қоғамның барлық саласында қолданысқа енгізуден көрінеді. Мемлекеттің қарқынды дамуында музейлер мен туризмді қатар дамытудың шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Бұл 21 ғ. музейлері жолға қойып отырған инновациялық қадам. Қазақстандық сайты арқылы да Қазақстан өзінің халықаралық туризм инфрақұрылымын дамтытуға байланыс орнатқан Египет, Біріккен Араб Эмираты, Үндістан, Италия, Франция, т.б. елдердің тарихи-мәдени туризм нысанындағы музейлері мен тарихи музей-қалаларына, музей-сайттарына виртуальды турист болуға болады. Қазіргі таңдағы ауқымды виртуалды экскурсты жүзеге асырып отырған ақпараттық кеңістіктегі ірі музейлердің бірі – Канада виртуальды музейі Канада құндылықтары департаменті жанындағы Канада құндылықтарының ақпараттық жүйесі () агентігі құрған. Канада виртуальды музейі 2500-ден аса Канада музейлері қорларына презентация жасайды. Музей әртүрлі қалалар мен Канада қоғамдарының дамуы туралы ірі коллекцияны, 600000-ға жуық экспонат бейнесін, виртуальды ойындар, білім беру материалдарын біріктірген, ресурстары