Скачать книгу

– жазушының қарындасы Үміштің (Үмияның) бөлмесі. Бұл бөлме өзгелерден ерекше, қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы үлгісінде жиїаздалған. Бұрышта – сандық. Терезе алдында жазушының ертеректе пайдаланған шағын үстелі тұр. Төрге ағайын-туыстарының суреті ілінген. Екінші қабаттағы үш бөлменің ең үлкені – ұйықтайтын бөлме. Жазушы бөлмедегі жиїаздарды Ригадан алдырған. Киім шкафында жазушы киген киімдер ілулі тұр. Жазушының қызы Ләйләнің бөлмесі шағын, қарапайым ғана жиїазбен жабдықталған. Төрде Орманшының сыйға тартқан суреті ілулі тұр. Жазушының ұлы Ернардың бөлмесіндегі ерекше құнды экспонат – ескі жазу үстелі. Бұл үстелді жазушы 1932 ж. сатып алған. 1951 жылға дейінгі шығармалары, соның ішінде «Абай жолының» алғашқы екі кітабы осы үстелде жазылған.

      1997 ж. құрылысы біткен жаңа көрме ғимаратының негізгі бөлігі бұрынғы музей үйінің еңсесін баспас үшін жерге сіңіріле салынған. Көрмеге баспалдақпен түседі. Бұл – Әуезовтің көркемдік әлеміне тізеңді бүгіп, тағзым етіп кіру рәсімі үшін әдейі жасалған сәулеттік шешім. Көрменің іші – жалпы түркі әлеміне ортақ көк түспен көмкерілген. Көрменің негізгі мақсаты – ұлы тұлға ғұмырына қатысты заттар, құжаттар, суреттер арқылы жазушының тағдырын, шығарм. мұратын терең де әсерлі ұғынуға жәрдемдесу. Онда қойылған экспонаттар М. Әуезовтің туған, өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, «Алаш» қозғалысы, кеңестік жазалау саясаты тұсындағы көрсетілген қысымдар мен 1930-32 ж. түрмедегі өмірі, шет ел сапарлары туралы жан-жақты мағлұмат береді. Салтанат ғимаратында жазушының өзі туралы деректі фильмдермен қоса, оның шығармалары бойынша түсірілген «Абай әндері», «Райхан», «Асудағы атыс», «Көксерек» көркемсуретті фильмдері, замандастарының жазушы туралы айтқан естеліктерінің бейнетаспалары көрсетіледі. Жазушының өзінің дауысы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар. Алматы қалалық халық ун-тінің дәстүрлі сабағы да айына екі рет, жұма күндері осында өткізіліп тұрады. Орталықта мекемелер мен жоғары оқу орындарына, мектептерге апарып таныстыруға арналған тақырыптық көшпелі көрме жұмыс істейді. Қайта қалпына келтіру шеберханасы мен ғыл. жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім бар.

      БАЛАЛАР МУЗЕЙІ – балалар аудиториясына арналған, балалардың сұраныс талабына сай, олардың жас ерекшелігіне сай интерактивті экспозицияда құрылған, білім-тәрбие беру функциясын атқаратын, балалардың қоршаған ортаға бейімделу үдерісін, эстетикалық талғамын қамтамасыз ететін, балалардың шығармашылық қабілетін арттыратын, ойлау қабілетін шыңдайтын үйірме, клубтар, курстар, шығармашылық шеберханалар жұмыс жасайтын, балалардың ептілігін қалыптастыратын ойын алаңдарымен жабдықталған музейлер жүйесі. Б. м. – нің міндеті балалар шығармашылығын дамыту ғана емес, балалар шығармашылығының қалыптасуын жан-жақты зерттеу. Б.м. жеке музей ретінде де, «музей ішіндегі музей» түрінде ашылған филиал, бөлім ретінде де жұмыс жасайды. Балалар музейі идеясы мен термині 19 ғ-дың аяғында қалыптасқан.

Скачать книгу