Скачать книгу

Бұл ұйымдарды құруда мүше-мемлекеттер арасында геосаясат та өзіндік қайшылықтар туғызып жатты. Осы, Солтүстік атлантикалық ұйымды құрудың алғашқы сатысында ағылшындар мен американдықтар арасында мүше-мемлекеттердің саны жөнінде бірауыздық болмады. Ағылшындар Солтүстік атлантикалық ұйымға мүше-мемлекеттердің санын жетіден асырмауды ұсынады, бұл жердегі басты көзделген мақсат, бір жыл бұрын құрылған Батыс Одағы негізінде, яғни оған мүше бес мемлекетке АҚШ пен Канаданы қосса, келешек ұйымдағы жетекшілік ағылшындардың қолында болады. Американың Еуропадағы саяси ықпалы да шектеулі ғана болар еді, бірақ бұған американдықтар келісе алмай, мүше-мемлекеттер санына шектеулік жасамауды ұсынады. Осындай талас-тартыстардан кейін мүше-мемлекеттердің саны “он екі” болуына екі жақта келіскен еді. Ұлыбританияның Еуропадағы ықпал үшін жанталасуы да тегін емес еді, өйткені АҚШ мемлекетінің германдық, австриялық аймақтағы ықпалы саяси ықпалымен қатар, жалпы “Маршалл жоспары” негізінде Еуропадағы экономикалық ықпалы да күшейіп келе жатқан болатын.

      Ал әскери салада осы жылдың наурызында еуропалық топ – Батыс одағы құрылғаны мәлім. Жалпы деректер бойынша еуропалық ұйымдар құруда Франция өте белсенді ат салысқанына көз жеткізуге болады. Яғни, келесі қадам да француздық шенеуліктер П.Рейно мен Э.Бондудан шығады, олар 1948 жылы еуропалықтардың Гаага конгрессінде саяси федерация құрудың алғашқы белесі ретінде еуропалық парламент ұйымдастыруды ұсынады [33, с.135].

      Тек, бұл ұсыныс та ағылшындар тарапынан қарсылыққа тап болды. Құрлықтың солтүстік батыс жағында жатқан ағылшындар үшін француздар мен немістердің белді екі мемлекеті, шын мәнінде тіл табысып, күшейе түсетінінен сезіктенетіндей. Өйткені, осы кезеңдегі Ұлыбритания үкіметінің ұстанған сыртқы саясатынан осындай тұжырым жасауға болады. 1948 жылдың шілде айындағы Батыс одақтың сыртқы істер министрлерінің мәжілісінде Ж.Бидо алдымен “бес ел көлемінде, кейін басқа да еуропалық мемлекеттердің қатысуымен саяси және экономикалық ұйым“ құру үшін шара жасауды ұсынған.

      Ж.Бидоның бұл ұсынысы 1949 жылы 5 мамырда Англия, Франция, Италия Бельгия, Голландия, Люксембург, Норвегия, Дания, Швеция, Ирландия, кейін Германия Федеративтік Республикасы, Исландия, Грекия, Түркия және Австрия мүше болған Еуропа Кеңесі түрінде іске асқаны белгілі [42, s.204]. Ол өзінің басты мақсаты деп Еуропаның экономикалық және әлеуметтік дамуы барысында жан-жақты демократияның, адам құқықтары мен заңның биік тұруы жүзеге асуы үшін еуропалықтар арасында бірлікке жету екендігін мәлімдеген болатын. Жарты ғасырлық уақыт ішінде екі дүниежүзілік соғысты басынан кешірген еуропалықтар ендігі жерде Еуропада бірыңғай тарихы мен мәдениетін мұра еткен ортақ тағдырлар құрлығын орнатуға талпынды. Бұл заманның өте өзекті мәселелерінің бірі еді.

      Бұл мәселе кейін 1949 жылы Старсбургте өткен Еуропалық Кеңестің Ассамблеясының бірінші кеңестік мәжілісінде қаралады. Ассамблеяның тапсыруы бойынша

Скачать книгу