Скачать книгу

өткен ғасырлармен салыстырғанда бұл кезеңде адам факторы, атом қару-жарағының болуы және оның таратылуы, ақпарат құралдары мен байланыс жолының дами түсуі, халықаралық қатынастар жүйесінің соңғы үрдістерінің дамуы, өз тарапынан елеулі ықпал етті деп айту керек. Сондай-ақ, экономикада әлдеқайда тұрақтану пайда болып, Еуропа елдеріндегі халық санының азаюы, бұрынғы саяси-жағрапиялық тұжырымдарға әсер ететін халықаралық қатынастағы бақталастық екпінінің төмендеуіне әкелді. Екіншіден, осы уақыт ішінде әлемдегі өнеркәсіптік дамуда орасан зор алға жылжу байқалды. Байланыс пен көлік саласындағы жетістіктер, арақашықтық мәселесіндегі кейбір жағрапиялық ұғымдардың мәнін төмендетті. Ендігі жерде аз қана уақытта мыңдаған шақырымдарға жететін құрылықаралық баллистикалық зымырандардың пайда болуы, әскери тұрғыдан жағрапияның физикалық әсерінің мәнін жоққа шығарды.

      Осындай бүкіләлемдік даму барысында мемлекеттердің бір-біріне деген өзара байланысы, қатынасы, өзара тәуелдігі арта түсіп, қандай да мақсатқа жету жолын соғыс арқылы шешуі көп жағдайда тиімсіз екендігін көрсетті. Сол ретте, терезесі тең мемлекеттер халықаралық ұйымдар төңірегінде топтаса түсіп немесе бір-бірімен келісімдер арқылы ынтымақтасуы барысында дамуы, әлде қайда қолайлы болып табылды. Мұның өзі құрылықтағы қандайда жағдайда екі ел арасында пайда болатын шиеленістің өрбуі нәтижесінде екі мемлекет арасында соғыс өртіне айналуы, ендігі жерде тек екі мемлекеттің қана емес, осы құрылықта тыныштықты көздеген барлық мемлекеттердің мүддесіне зиянын тигізуі деп ұғынылады. Ал бұл өз кезегінде қауіпсіздік пен бейбітшілікті көздеген мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымының араласуын қажет етеді.

      Сондай-ақ, ХХ ғасырдағы екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптары, бүкіл еуропалық мемлекеттерге, оның ішінде Франция мен Германияның жалпы саяси-экономикалық жағдайына өте қатты соққы болып тиді. Әсіресе, бұл соғыстың барысында гитлерлік басқыншылықтың салдары Франция мемлекетіне үлкен зиян келтіргені белгілі. Франция мемлекетінің Жоспар жөніндегі Бас комиссариатының құжаттарына жүгінетін болсақ, 1954 жылға шаққанда жалпы ұлттық өнімге соғыстың тигізген зияны біржарым еседен артық. Өндіріс пен саудаға тигізген кеселі 135 млрд. фр. бағаланса, ауылшаруашылығына – 68 млрд.фр., байланыс пен жол көлігі саласына – 130 млрд. фр. Францияның өнеркәсіп өндірісі көп мөлшерде қысқарған. Франция бұған дейін ірі өсім алушы болса, ендігі жерде екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде ол өзінің барлық шет елдік қарыздарын беретін мемлекеттерін жоғалтады. Сондай-ақ алтын қорының үштен екісін, яғни ол 1937 жылы 2749 млн. доллармен бағаланса, 1946 жылы 867 млн.долларға ғана жетті [33, с.11].

      Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары Францияның экономикалық деңгейі сайып келгенде оның халықаралық қатынастардағы жағдайына тікелей өз әсерін тигізіп жатты. Елдің ішкі жағдайының күрт төмен түсіп кетуі, оның халықаралық аренадағы беделінің төмендеуіне әкелген еді. Осындай

Скачать книгу