ТОП просматриваемых книг сайта:
Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова
Читать онлайн.Название Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-1735-9
Автор произведения Гүлзағира Атаханова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Кінәлі шын мәнінде күштеуді қолданған немесе жәбірленушінің өміріне я денсаулығына қауіпті күштеуді қолдану туралы қорқытқан жағдайда қарақшылық құрамы орындалған болып табылады. Осындай күштеу қатарына мыналар жатады: салдары денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылуына алып келген жеңіл жарақаттан бастап ауыр жарақатқа немесе өлімге әкеп соққан болса. 179 баптың 3-тармағы бойынша күштеу немесе қорқыту иеленушіге (иесіне) қолданылған жағдайда да, олар мүліктің алынуына немесе ұсталуына қарсыласа алатын кез-келген тұлғаға қолданылған жағдайда да қарақшылық орын алған болып табылады.
Қарақшылық екі объектілі күрделі қос объектілі қылмыстар қатарына жатады. Онда бөтен меншікке ғана емес, жәбірленушінің өз басына қастандық жасалады. Шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылады.
«Шабуыл» термині жәбірленушіге кенеттен, ойламаған жерден физикалық қысым жасаумен байланысты. Шабуыл кенеттен болғандықтан жәбірленуші өз мүмкіндігінше тойтарыс беру қабілетін жоғалтады немесе үшінші адамның көмегіне жүгіне алмайды, себебі күш көрсету әрекеті табан асты туындайды. Қарақшылықта зорлық пен мүлікті иемдену бір уақытта жүзеге асырылады. Күш қолданусыз шабуыл жасау мүмкін емес.
Адамның дене құрылысына және физиологиялық жағдайына тіптен әсер етпейтін немесе шамалы ғана әсер ететін қалыпты қызметін бұзбайтын әсері күшті және есеңгірететін заттарды ағзаға еңгізу, ол заттардың денсаулыққа және өмірге қаншалықты қауіпті екендігіне байланысты, тонау немесе қарақшылық ретінде сараланады.
Қарақшылық кезіндегі шабуылды кең мағынада түсіну керек. Ол жәбірленушінің жеке басына кез келген нысанда күш көрсетіп әсер етумен сипатталады, нәтижесінде оның өміріне немесе денсаулығына қауіп туады.
Зорлықтың жалпы мазмұны қайсыбір адамға заңға қарсы қандай да бір күш қолдануда жатыр. Дене бітіміне зорлық дегеніміз – жәбірленушінің ағзасына, сыртқы және ішкі органдарына, оның еркімен санаспай, механикалық құралдармен, сондай-ақ химиялық және электр құралдарымен де жасалған әртүрлі қоғамға қауіпті заңсыз әсер. Зорлық өмірге қауіпті ме, жоқ па анықтау үшін сот істің барлық