ТОП просматриваемых книг сайта:
Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов
Читать онлайн.Название Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-1270-5
Автор произведения Қ. Жұмағұлов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Жазба деректердің бірінші тобын антика авторлары шығармаларынан бастағанымыз жөн.
Бұл жерде Гай Плиний Старшийдің, Публий Корнелий Тациттің, Дион Кассидің, Птоломейдің, А.Э. Авиттің, тағы басқаларының деректерін атауға болады. Жалпы айтқанда, жоғарыда келтірілген антика дәуірі авторларының мәліметтері Авар қағанатының тарихын қарастыру барысында славян тайпаларына қатысты мәселелерді зерттеуде біршама құнды хабар береді.
Оқу құралын жазуға және осы тақырыпты зерттеуде дерек ретінде пайдаланылған еңбектерді нақтырақ айтатын болсақ:
1) б.з. І ғасырдың авторы Плиний Старший антикалық жазушылардың бірі болды. Ол өзінің «Естественная история» («Historia Naturalis») атты еңбегінде алғаш славяндарды венедтер деп атайды. Айталық Плиний Старшийдің еңбегінің бірінші үзіндісінде славяндардың қоныстануы жайында: «Вистула (Висла) өзеніне дейінгі аймақта сарматтар, венедтер, скифтер, гиррлер қоныстанған» дейді.
Бұдан кейін де Тацит Птоламей мен Иордан славяндарды венедтер деп атайды.
Тацит «Германия» атты еңбегінде славяндар жайлы мәлімет айтып, венедтердің қоныстанғанын дәл Плиний сияқты көрсетіп, екінші үзіндіде: «Осы жерден свевтердің елі аяқталады, ал певкин, венет және фин тайпаларын герман тайпаларына немесе сарматтарға жатқызарымды білмеймін… Венеттердің көбінесе ырымдары мен салттары сарматтарға ұқсас болып келеді», – деп айтып кетеді.
Птоломейдің «География» атты дерегінде дәл Плиний мен Тацит сияқты славяндарды венедтер деп атап, оның «географиясының» үшінші үзіндісінде: «Сарматия жеріне өте үлкен тайпа венедтер қоныстанып, венедтік бұғазына дейінгі аумақты қамтиды» деген сияқты славяндардың қоныстануына қатысты мәліметтерді хабарлайды.
Антикалық авторлардың ішінде славяндарды алғаш өз атымен атаған Альцих Экдиций Авит болды. Экдиций Авит шығу тегі жағынан сенатрлық. Ол б.з. 460 жылы туған, 525 жылы қайтыс болған. 499 жылы епископтық кафедраны ашып, әдебиетпен, ағартушылықпен айналысқан. Біздің заманымызға Авиттың хаттары мен өлең жолдары жеткен. Авиттың өлеңдерін орыс тіліне А.И. Маляйнаның аудармасынан, атақты В.В. Латышеваның «Известия древних писателей о Скифий и Кавказе» шығармасынан алуға болады.
Халықтардың Ұлы қоныс аудару қозғалысы кезеңіндегі тарих, оқу құралын жазу жұмысы барысында сол уақытта өмір сүрген жылнамашылардың жазған шығармаларындағы мәліметтер басшылыққа алынды.
Деректердің екінші тобын ерте орта ғасырлар авторлары ішінде авар тарихына қатысты төмендегі жылнамашылардың еңбектері басты назарға алынды. Приск Панийский, А. Марциллин, Григорий Турский, Аврелий Кассиодор, Иордан, Павел Диякон, Исидор Севильский, Прокопий Кесарийский, Иоан Эфесский және тағы