ТОП просматриваемых книг сайта:
Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов
Читать онлайн.Название Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.)
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-1270-5
Автор произведения Қ. Жұмағұлов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Бұл кезде Византия шығыс жағындағы парсылармен соғыс жүргізіп жатқан болатын. Осы жағдайлардың бәрі аварлар үшін өте тиімді болды. VІ ғ. 70-80 жылдары славяндармен бірігіп, Византия иелігіне жататын, Дунайдың төменгі ағысында орналасқан жұртшылыққа тонаушылық шапқыншылықтарын жүргізді. Византия 591 ж. парсыларды жеңгеннен кейін біршама уақытқа болса да Балқан территориясынан аварларды ығыстырады.
Аварлардың шығу тегін жандандыра отырып, біз олардың құрамына кірген тайпаларға да тоқталғанды жөн көрдік. V-VІ ғасырларда византиялық авторлардың хабарлауынша авар одағының құрамында Акацир, барсил, сарагур, угор, савир, уртугур, оногур, кутургур, славян т.б. болған.
Акацир тайпалары («gens Acatzirorum») Иордан бұл тайпаларды «ең мықты», «ең күшті» («gens fortisima») және жер өңдеумен емес, аңшылықпен, мал шаруашылығымен айналысады деп хабарлайды. Иордан бойынша акацирлар үлкен территорияны алып жатты. Балтық теңізіндегі янтарь жағалауында және болғарлармен Понт теңізінің жағалауындағы кеңістікті алып жатты дейді. Иорданнан жүз жыл бұрын жазған Присктің хабарлауынша, акацирлер – скифтік, яғни ғұн тайпасы. Аттила акацирлерді өзіне бағындырған және өзінің үлкен ұлын соларды басқаруға жіберген; олар (акацирлер) V ғасырдың бірінші жартысында Понт маңайындағы облыстарда және Каспий қақпасы арқылы Кавказ тауларына өтіп, парсылармен соғысқан. ІІ Феодосий акацир князына үнемі «сыйлықтар» жіберіп отырған. Акацирлер мықты тайпа болды, империя үшін бұл қатынас тиімді еді. Прокопий өзінің шығармаларында акацир тайпаларының аты кездеспейді, бірақ Мэотия жазығында «киммерийлік» ғұндар өмір сүрді, оның уақытында бұл тайпаларды утигурлар деп атаған.
Савир (Saviri) – ғұн тайпасы, бастапқыда, Иордан барлығын ғұн тайпалары десе, енді біреулерін альцигар, басқаларын савирлер деп атай бастайды. Альцигарлар Херсон маңайын паналаған, Иордан савирлердің мекендеген жерін көрсетпейді, кунугурлар жайында хабарлайды да, савирлерге тоқталмайды. Мүмкін савирлердің қосымша аты хунугур шығар? Прокопий Кесарийский савирлердің қоныстанғаны жайында мәліметтер келтіреді, оның айтуынша, олар Кавказ тауларының