Скачать книгу

ескерткіштерді сақтау іс-шараларының нақты уақытын анықтау;

      • археологиялық ескерткіштерді сақтау жұмысымен айналысатын арнайы мамандандырылған ұйымды анықтау.

      Кейін бұлардың бәрі тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы және маманданған археологиялық ұйымның арасында келісіледі, жобаға қосылады.

      Лицензия. Археологиялық зерттеу келісімі. Қазақстан Республикасындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмысын ғылыми реставрациялық ұйымдар, мұражай мен мемлекеттік мекемелер, яғни қазба жұмыстарын жүргізу құқығына ие «Лицензиясы» бар арнайы археолог мамандар жүргізеді.

      «Лицензияда» қызмет, жұмыс орны, аты жөні, тұрғын орнының аты, зерттеу орнының аты, жұмыс түрі көрсетіледі. «Лицензияға» тапсырыс берген ұйым, археологиялық зерттеудің сапасына жауапты болады және орындаушының мәлімдемесін тапсырады. Егерде бұл ереже сақталмаса, немесе қойылған талаптар орындалмаса, бұл ұйымды «Лицензияны» алу құқығынан айырады.

      «Лицензияны» алған ұйымның археологиялық зерттеуді жасау жұмысы бұл құжатты көрсеткен соң ғана жүргізіледі. Сонымен қатар жер және құрылыс жұмыстарын жүргізбестен бұрын тапсырыс беруші рұқсат алуы қажет. Ол үшін тапсырыс берушіге Археология институты мен тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауды ұйымдастыру ұйымымен келісім орнатудан басқа, мыналар болу керек:

      – Құрылыс жүргізу үшін рұқсат берілген мемлекеттік басқарманың жергілікті орындау ұйымының шешімі;

      – жер ауданын жекешелендіру құқығының мемлекеттік актісінің көшірмесі немесе жер ауданын уақытша пайдалану құқығы;

      – жобалық сметалық құжаттың, мемлекеттік сараптамалық негіздемесі;

      – құрылыс монтаждық немесе арнайы жұмысты жүргізу ұйымы құқығының лицензиялық көшірмесі.

      Бұл құжаттар болмаса, кез келген құрылыс жұмысы заңсыз болып есептелінеді және тоқтатылады. Археолог-маман бұл жұмысқа тек осы құжаттарды заңдастырған кезде ғана кірісе алады.

      2.2. Қорғау келісім жұмысын жүргізу қажеттілігі және олардың түрі

      Археология ескерткіштері жататын тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі тек тарихи-мәдени мұралар заңнамасында ғана емес, Қазақстан Республикасының техникалық нормативтік мекемесінде жүргізіледі. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау жайлы сұрақтар «Табиғатты қорғау» бөліміне кіретін байқау арқылы, құрлыс кезіндегі табиғатты қорғау заңдылығын орындауды уақыт белгілейтін құжаттармен археологтар танысуы керек. Тәжірибелік қызметте археолог бүкіл жобалар келісетін бөліммен байланыста болуы керек. Олар тарихи-мәдени мұраны қорғауға жауапты болып келеді.

      Тапсырыс берушілер қатарына қорғау шараларын өткізетін кезде тек құрылыс қана емес, жобалы реставрациялық ұйым, республиканың аудандары мен облыстарының мәдениет бөлімі мен басқаруы атқара алады.

      Осындай тапсырыстар архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру, мерейтойлық іс-шаралар музейлік коллекцияны жаңартуды

Скачать книгу