ТОП просматриваемых книг сайта:
Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн.Название Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы
Год выпуска 2015
isbn 9965-30-805-5
Автор произведения Амангелді Әліпбаев
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Мемлекетаралық қатынастарды жүйелеу мақсатында мемлекеттер 1961 жылы 18 сәуір күні Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына қол қояды. Әлемнің барлық мемлекеттері, оның ішінде конвенцияға әзірше қосылмаған елдер де, конвенция көлеміндегі ережелерді сақтайды, протокол қызметтері өз қызметінде осы ережерлерді ескереді. Кейбір елдерде Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы ұлттық заң ретінде алынған және де ұлттық құқық ережесі дәрежесінде қаралады, яғни, инкорпорацияланады. Бірқатар елдер Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы ережесінің негізінде қосымша өз заңнамаларын қабылдауды дұрыс көрген. Сол ретте Қазақстан Республикасы да тәуелсіз мемлекет ретінде 1997 жылы 12 қарашада «Дипломатиялық қызмет туралы заңын» қабылдайды. Бұл заң мемлекеттік қызметтің бір бөлігі ретіндегі Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Заңның бірінші бабында дипломатиялық қызмет пен консулдық қызмет ұғымына анықтама беріп өткен:
1. “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі – Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес республиканың сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардағы азаматтардың кәсіби қызметі.
2. Консулдық қызмет – дипломатиялық қызметтің Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы негізінде жүзеге асырылатын бір бөлігі”. Заңның 5-6 баптарында Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің мақсаттары мен міндеттері нақтылы айқындалған болатын. Осы заңның негізінде Қазақстан Республикасының “Дипломатиялық қызмет туралы заңына” толықтырулар енгізіліп, 2002 жылы 7 наурызда жаңа мәтіні қабылданады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі осы заңның негізінде жүзеге асырылуда.
Дипломатиялық қызметте дипломатиялық құжаттарды дайындау дипломатиялық жұмыстың аса бір маңызды саласы болып табылады. Мемлекеттердің дипломатиялық құжаттамасы әралуан. Оның басым бөлігін таза ішкі мекемеаралық сипаттағы құжаттар құрайды. Дипломатиялық құжаттардың басқа бір тобына – мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды хат алмасу арқылы жүзеге асыратын құжаттар жатады. Бұл құжаттар халықаралық өмірге қатысты мәселелерге байланысты мемлекеттердің саяси ұстанымдарын білдіреді.
Мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда нота, меморандум, мәлімдеме, ресми хаттар арқылы дипломатиялық хат алмасу дипломатиялық қызметтің негізгі түрлерінің бірі.
Мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің басқадай түрлеріне:
– халықаралық