Скачать книгу

даулы мәселе дипломатиялық жолмен шешу мүмкін болмаса, онда тараптарға халықаралық мәслихатта шешу міндеттелді. Келісімшарттың мерзімі 10 жылға белгіленді. Бұл келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 1902–1921 жылдар аралығындағы ағылшын-жапон одағы жөніндегі келісімнің күші жойылды. Кезінде бұл келісім АҚШ-қа қарсы бағытталған болатын, сондықтан бұл келісімді тоқтату америкалық дипломатияның жеңісі болды.

      Вашингтон мәслихатының нәтижесінде 1922 жылдың 6 ақпанында АҚШ, Бельгия, Жапония, Италия, Қытай Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания және Франция елдерінің өкілдері «Тоғыз мемлекеттік келісімшартқа» қол қойған болатын. Келісімшарттың негізгі мәні: көрер көзге ғана Қытайдың егемендігін, аумақтық тұтастығы мен әкімшілдік қол сұқпаушылық қағидасын құрметтеу болды.

      Америкалық өкілдер осы келісімде Қытайда «ашық есік» және «тең мүмкіндіктер» қағидасын кіргізуге қол жеткізді. Мұндағы америкалықтардың мақсаты біртіндеп Қытайдан бәсекелестерін шығара отырып, осы елді өзінің отарына айналдыру еді.

      Мәслихатқа қатысушылардың ішінде АҚШ, Жапония, Италия, Ұлыбритания және Франция 6 ақпанда теңіз қару-жарағы жөніндегі «бестік келісімшартқа» қол қойды. Бұл келісім бойынша су ығыстырғыштығы 35 мың тоннадан артық болатын линкор кемелерін (қару-жарақпен жабдықталған үлкен соғыс кемесі) және әуе ұшағын таситын кемелерді салуға тыйым салынды. Әрине, бұл АҚШ үшін тиімді болды, өйткені ол осындай кемелер салуда әлі де болса артта қалып отырды және кеменің осындай түрі Панам каналы арқылы өте алмайтын еді. Вашингтонда өткен халықаралық мәслихаты Англия, АҚШ, Жапония, Франция және Италияға қатысты линкор кемелері үшін мынандай қатынасты белгіледі: 5: 5: 3: 1,75: 1,75.

      Теңіз кемелерінің басқа түрлеріне, оның ішінде суасты кемелеріне де шектеулік қойылмады. Жалпы, Вашингтон халықаралық мәслихатының нәтижелері Тынық мұхиттағы үстемдік үшін болған Жапония және Англиямен бәсекелестікте АҚШ-ты үлкен жеңіске жеткізді.

      Вашингтон халықаралық мәслихатының шешімі 1919 жылғы Версаль бітімшартын толықтыра түсті. Соның негізінде І дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт реттеу барысында құрылған біртұтас келісімшарттар топтамасы халықаралық қатынастар тарихында Версаль-Вашингтон жүйесі деген атпен белгілі болды.

      Версаль-Вашингтон жүйесі соғыс жағдайынан бейбіт өмірге өту кезеңінде соғыстан кейінгі бейбіт реттеу үрдісін аяқтап мемлекетаралық қатынастарда уақытша тұрақтану мүмкіндігін туғызды.

      Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

      1. Бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы Ұлыбританияның саяси ұстанымы қандай болған?

      2. Германияның соғыстағы мақсаты қандай еді?

      3. Соғыс барысындағы Францияның көздеген мақсатын сипаттаңыз.

      4. Кеңестік Ресей бірінші дүниежүзілік соғыста қандай саясат ұстанды?

      5. Брест бейбіт бітімінің мәнін сипаттаңыз.

      6. В.Вильсонның соғысты тоқтатуға арналған ұсынысының мәні қандай?

      7. Париж

Скачать книгу