Скачать книгу

саяси бірігумен сипатталады. Бұл кезеңді сондай-ақ «Штреземанның дәуірі» деп те атайды. Густав Штреземан 1923 жылы канцлерліктен кеткенмен, 1923 жылдан 1929 жылы қайтыс болғанға дейін Германияның Сыртқы істер министрі болды. Осы кезеңдегі қызметінде Германияның Франциямен өзара түсіністігінің орнауына, Локарно келісімдеріне келуге (Германияның батыс шекарасының мызғымастығы мен Рейн өңірінің демилитаризациялануын сақтауға), 1926 жылы Ұлттар Лигасына Германияны қабылдауға, Бриан-Келлог пактісіне қол қоюға (ұлттық саясаттың құралы ретінде соғыстан бас тарту жөніндегі 1928 жылғы келісімшарт) көп еңбек сіңірді.

      Германия Локарно мәслихатынан кейін алғаш рет Франциямен тең дәрежеге қол жеткізді. Германия Ұлттар Лигасына мүше болған кезден бастап Локарно мәслихатының шешімдері өз күшіне енді. Германия Англия мен Франциядан Лига Жарғысының 16-бабына сәйкес КСРО-ға қарсы әскери қимылдарға қосылмауына рұқсат алды. Алайда, ол егер қаласа осындай қимылдарға баратынын жариялады. Америкалық профессор Генри Бреттон «Штреземанның дипломатиялық стратегиясы үш жағдайға негізделген деп жазды: 1) одақтастар арасындағы келіспеушіліктердің барлық мүмкіндігін пайдалану; 2) Батыс пен Шығыс арасындағы барлық қайшылықтарды пайдалану; 3) Германияның экономикалық қуатын пайдалану»10.

      Жалпы осы кезеңдегі еңбектері үшінде Г.Штреземан 1926 жылы әлемдік Нобель сыйлығына ие болды.

      Густав Штреземан канцлерліктен кеткенде, 1923 жылы желтоқсанда Германияда таза буржуазиялық үкімет құрылып, оны Вильгельм Марк басқарды. Жаңа үкімет 8 сағаттық жұмыс күнін жойды, мүгедектер мен қарттарға жәрдемақы төлеуден бас тартты, жұмыссыздарды мәжбүрлеп, қиын жұмыстарға жіберді. Дәл осы уақытта үкімет өндірісті тиімді пайдалану шараларын қабылдады. Ірі өндірісшілер 715 млн маркі есебінде өтемақы алды. Германиядағы капитализмнің тұрақтануы шетел, әсіресе, америкалық капиталдың көмегімен жүзеге асты. Германияның репарация төлеу қабілеттілігін тексеру үшін америкалық генерал Дауэс басқарған комиссия құрылды. Дауэс жоспары бойынша, Германия өз жағдайын шетелдерден қарыз алу арқылы және КСРО-мен сауда жасау жолымен қалпына келтірілуі мүмкін делінді. Германия 1924 – 1925 жылдары жеңген мемлекеттерге 1 млрд марка алтын көлемінде репарация төлеуі керек, ал келесі жылдары төлем мөлшері 2,5 млрд маркаға дейін өсуі керек болатын. 1924–29 жылдары АҚШ және басқа да батыстық мемлекеттер Германияға 21 млрд көлемінде несие және қарыз берді. Шетел капиталын пайдалана отырып, герман алпауыттары өндірістік және әскери салаларда бірнеше қайта құрулар жасады. Бір жағынан, Германияның экономикасының өсуі жұмысшыларды езу арқылы жүзеге асты. Жұмысшылар 8 сағаттың орнына 9-12 сағаттан жұмыс істеді, олар басқа да өздерінің әлеуметтік құқықтарынан айырылды.

      «Дауэс жоспары» Германияның экономикалық дағдарыстан шығуына түрткі болды. Елдің шаруашылық өмірі жанданды. Тұрақты қаржы бағамын қалыптастыру шаралары жүргізілді. 1927 жылы Германияның

Скачать книгу


<p>10</p>

Внешняя политика Великобритании в новое и новейшее время. – М., 1988. – С.89.