ТОП просматриваемых книг сайта:
Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова
Читать онлайн.Название Орта ғасырлар тарихы
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0568-4
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Германдар барлық пұтқа табынушылар сияқты құдайлар көп дегенге сенді, бірақ шіркеулер салған жоқ. Олар киелі көлдерге, тоғайларға, тастарға, ағаштарға табынды. Германдар өздерінің құдайларына құрбандықтар шалды. Германдардың кейбір құдайларының аттары апта ішіндегі күндердің атауларымен ағылшын және неміс тілдерінде сақталған. Жексенбі мен дүйсенбіні германдар күн мен айға бағыштаған. Сейсенбі – жауынгерлердің жебеушісі жарқыраған аспан құдайы Циудың немесе Тиудың күні. Сәрсенбіні олар құйын-боранның, ашу-ызаның құдайы, о дүниенің иесі кемеңгер Воданға арнаған. Ал бейсенбіде күннің күркірегені мен найзағайдың құдіретті құдайы Донарға табынуы керек. Жұма құнарлықтың құдайы Фрейрдің үлесіне тиіпті. Германдар абыздар мен сәуегейлерді де қатты сыйлаған.
Біздің заманымыздың І-ІІ ғасырларында германдықтардың қоғамдық дамуының деңгейі туралы Цезарь және Тацит шығармаларының негізінде, сондай-ақ археологиялық ескерткіштер арқылы пайымдауға болады. Тациттің уақытында германдықтардың қоғамдық құрылысы елеулі өзгерістерге ұшырады. Германдықтар отырықшылыққа түбегейлі ауысты, егіншілікпен кеңінен араласа бастады. Негізгі тағам түрлері – сүт, ірімшік, ет еді. Мал бағу мен аңшылық негізгі кәсібі болып табылды. Германдықтарда қолөнер мен кәсіпшілік дамып отырған. Металл қорыту мен ұсталыққа қоса, германдықтар тоқуды, кендір кездемелер мен жүн маталар дайындауды, қыштан бұйым жасауды игерген. Мысалы, археологиялық қазба нәтижесінде табылған қыш құмыра Франкфурт-Ниден табылып отыр. Нидегі керамика үлгілері римдік стандартқа сай әзірленген. Мұндай құралдар Веттераудан табылғандықтан «Веттерау» деп аталып кетті.
Өндірістің дамуымен жекеленген герман тайпаларының арасында айырбас пайда болды. Көршілес халықтармен де айырбас сауда жасап отырды. Айырбас заттары тұз, елтірі, металл болды. Германдықтарға көбінесе рим көпестері металл бұйымдарын, сән-салтанат заттарын, шарап әкеліп отырды. Германдықтар Римге ірі қара, тері, былғары, жүн, тағам түрлерін шығарып отырды. Янтарь, құл саудасы жүргізілді.
Германдықтар ұлан-ғайыр жерлерге егін сеуіп тастайды, соның өзінде көп жер бос қалады. Жыл сайын танап ауыстырылып отырылады. Олар көкөніс егіп қиналғысы келмейді. Көбіне бидай дәнін сеуіп тастайды. Тацит заманында олар отырықшылық тұрмыс құрды, бөренеден салынған үйлерде тұрды. Орман тұрғындарының жұпыны киімі, әйелдер