Скачать книгу
көсемдерін ығыстыра отырып, Хлодвиг галл мемлекетінде тәртіп орнатуды көздеді. Франктер Рим территорясында империя құлағанға дейін пайда болды және императорға қызметке тұрып, олардың ішкі ісіне араласа бастады. Меровей руының ұрпағы басқарғандықтан, франктер әулеті V ғасырдың бірінші жартысы мен VІІІ ғасырдың аралығын «Меровингтер патшалығы» деп атады. Бұл әулеттің патшалары салт-дәстүр бойынша ұзын шаш өсірді. Ол наным-сенімге байланысты болды. Хлодвиг – франк патшаларының арасында бірінші болып шоқынған адам. Григорий Турский франк патшаларының қулығын, қатігездігін суреттейді. Салий франктерінің тайпалары батыс герман тайпаларының үлкен тобына жатады. ІV ғасырдан бастап Рейннің төменгі ағысына Рим федераттары құқығында орналасты. V ғасырда Сомм өзеніне дейін өздеріне тиесілі территорияның аймағын кеңейтті. Әскери жорықтардың нәтижесінде салий франктерінің билігі нығайып, беделі өсті. V ғасырда барлық франк корольдері Меровинг руына жатты. Корольдік билік мұра бойынша қалдырылғанымен, әскери демократияның белгілері де сақталды. Суассон түбіндегі ұрыстан 22 жыл өткен соң Хлодвиг Галлияның басым бөлігін иеленген еді. Хлодвигтің билігін Византия императоры Анастасия мойындап, өз елшілерін жіберді. Хлодвигтің ұлдарының тұсында VІ ғасырдың аяғында Франк мемлекеті Пиренейден Жерорта теңізіне дейінгі баварлар мен тюрингтер қоныстанған Рейннің оң жағалауын иеленген ұлан-ғайыр территория болды. Франк территориясының басым бөлігі V ғасыр бойы Рим билігінің қолында болды. Сондықтан Галлия өмірінің барлық қырына Рим әсері болды. Хлодвигтің тұсында Аквитания (507), оның ұрпақтары тұсында Бургундия (534) жауланып алынды. 536 жылы остготтардан Прованс тартып алынды. VІ ғасырдың ортасында франк патшалығы Галлиядағы Рим провинциясының барлық территориясын құрамына қосты. Рейннің жағалауындағы біршама герман тайпаларын да өзіне бағындырды. Алемандар, баварлар, сакстер франктерге жыл сайын салық төлеп тұрды. Франк патшалығы Еуропа құрлығындағы барлық варварлық мемлекеттердің ішінде ұзақ өмір сүрді және құрамына көптеген территорияларды қосып алды.
Франк державасының тарихы феодалдық қатынастардың пайда болу кезеңінен, Каролингтік империядағы оның гүлденуіне дейінгі феодалдық үрдістен көрініс береді. Бұл жердегі феодалдану үрдісі кейінгі рим және германдық рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы нәтижесіндегі синтезден пайда болды.
Галлияны жаулап алғаннан кейін мемлекеттің даму жолын реттеу қажеттілігі туды. Осы мақсатта «Салика заңы» жазылды. «Салика заңы» 65 баптан тұрады. Франктердің герман диалектісінде жазылған. Галлияның жергілікті тұрғындарының латын тілінде сөйлегеніне қармастан «Салий заңында» латын тілі тек ақшалай бірлікте ғана қолданылған.
«Салика заңы» – феодализм генезисінің күрделі дәуіріне жататын қызықты деректердің бірі және ол кіріспеден, 65 тараудан, қорытындыдан тұрады. Шамамен баптарды төмендегідей топтарға бөлуге болады: 1. Сот және сот ісі. 2. Қылмыстық құқық, оның өзі бірнеше тарауларға жіктеледі: а) кісі
Скачать книгу