Скачать книгу

шешудің бірнеше жолын ұсынды. Олардың негізгі мағынасы «әлемде бір ғана Қытай бар» деген саясатқа сияды және Тайваньмен бірігу бейбіт жолмен өту керек екенін көрсетті. Егер аралды қосу мәселесін басқа тәсілмен немесе саяси күшпен шешу қажет болса, ҚХР қарулы күшпен өзінің территориялық бірлігін қорғау құқықтарын қалдырды. Тайвань басшылары ҚХР-ға «бір мемлекет екі үкімет» деген өз формуласын ұсынды, теңдікке және екіжақты диалогқа шақырды. Бірігу туралы келіссөздер 1992 жылы басталып, төрт жыл өткен кейін тоқтатылды және қазірге дейін нәтижесі жоқ.

      Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық мүдделері. кеңес мемлекетінің ыдырауынан бастап Орталық Азия территориясына Қытай мен Ресейдің экономикалық және саяси ықпал үшін күресі басталды. Екі мемлекетке де Орталық Азия аймағы шекаралас, сондықтан осы аймақтағы тұрақтылық олардың қауіпсіздігімен байланысты. Орталық Азия факторы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрған кезде де шешуші рөл атқарды. ШЫҰ құрамына Ресей, Қытай, Түркменстан және өзге ТМд елдері кіреді. Қытайдың Қырғызстан, Түркменстан, Қазақстанға және өзге республикаларға байланысты қызығушылығы энергия қорлары мен өз тауарларын өткізетін нарықтың қажеттілігімен байланысты.

      Қазіргі танда Қытай үлесіне әлемдегі мұнай импортының 35 % келеді. Таскөмір қорларынан Қытай бірінші орын алады, су қорларымен де бай. Мұнай Қытай экспортының маңызды саласы, қазір мұнай өндіруден әлемде бесінші орын алады. Қытай мұнайды Венесуэла, БАЭ, Ливиядан көп өндіреді. Мұнай экспортерларының қатарына кіретін 11 ел ОПЕк мүшелерінің ішінде тек Сауд Аравиясы мен Иран ғана Қытайдан үстем түсіп отыр. 2005 жылы Қытай 180 млн. тонн мұнай өндірсе, 317 млн. тонн, яғни, екі есе көп тұтынды. Бұл факт Қытайдың экономикалық дамуымен және дамыған батыс елдерінің экологияға зиянды өндірісті жұмыс күші арзан аймақтарға ығыстыруымен байланысты болып отыр.

      «Әлемдік фабрика» шикізат көздерінсіз, энергоқорларынсыз өмір сүре алмайды. Сонымен бірге Қытай соңғы уақыттарда автомобиль өндірісімен белсенді айналыса бастады. 1993 жылға дейін Қытайға өз мұнайы жеткілікті еді, қазір мұнай қорларының жетіспеушілігі сезіле бастады. 2020 жылға қарай Қытай 450 млн. тонн мұнай қолданады, ал оның өндірісі тек 200 млн. тонн. ғана болады деп есептеліп отыр. Сондықтан Қытай шикізат көздері бай көршілеріне назарын тіге бастады.

      2007 жылдың қаңтар айында Филиппин аралдарындағы Себуде өткен Азия-Тынық мұхит аймағының 16 елдерінің жетекшілерінің кездесуінде Шығыс Азияның энергетикалық қауіпсіздік декларациясы қабылданды. Бұл құжат Қытайдың жылдам өсіп келе жатқан аймақтарының энергетикалық жағдайынан туындап отыр. Мұнайға әлемдік бағаның көтерілуіне орай Қытай 2006 жылы шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға 2005 жылмен салыстырғанда 15,26 млрд. доллар көп жұмсады. Қазіргі кезде Қытай АҚШ-тан кейінгі мұнайды көп қолданатын екінші мемлекет болып табылады. Қазір сұраныстың 40 % импорт негізінде қанағаттандырылады. Жақын аралықтағы 15 жыл ішінде Қытай бұл мақсатқа қосымша ассигнация жұмайды.

Скачать книгу