Скачать книгу

авторлары мәдени антропологияның өкілдері емес, филологтар, тарихшылар, тіпті философтар болып келді. «Этнология» терминінің өзі қолданысқа тек 1980 жылдардың соңында ғана енді, ал бұған дейін түрлі халықтарды зерттеу этнография деп аталып, физикалық антропологиямен бірікті.

      Кеңес дәуіріндегі этнологияның жарқын өкілдеріне, батыстық ғылымда қалыптасқан көрсеткіштерді қолдана анықтасақ, Ю. Лотман А. Гуревичті жатқызуға болады. Кеңес дәуірінде батыс ғылымының жетістіктерін кеңінен танымал етуге ерен еңбек еткен И. Кон есімі ғалымдар ішіндегі орны айрықша. Ол орыс тілінде америкалық антрополог Маргарет Мидтің көптеген еңбектерін орыс тілінде жариялаған, сонымен қатар оның аудармаларында және редакциялық басқаруымен Зигмунд Фрейдтің ізбасарларының еңбектері жарияланып шықты.

      Орта Азия мен Қара теңіз жағалауындағы көшпелі мәдениет мәселелерімен айналысатын А. Хазанов, этноархеология және алғашқы қауымдық қоғам тарихы саласында өзінің еңбектерінің басым көпшілігін посткеңестік республикаларының, әсіресе Қазақстан Республикасының ұлттық-экономикалық мәселелеріне арнаған.

      Қазақстандағы жалпы толыққанды мәдени антропологиялық мектептің бар екендігі жөнінде айту әлі ертерек, дегенмен бұл үрдіс қалыптасу деңгейінде. Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда антропологиялық зерттеулер тек тарихи, мәдениет философиясы, этнография, этнология, әдебиеттану, фольклористика, елтану ғылымдары шеңберінде ғана қарастырылды.

      Жалпы, барлық зерттеу жұмыстарын шартты түрде ежелгі қазақ даласын мекендеген және қазіргі Қазақстан территориясын мекендейтін түрлі этностар мен халықтардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне бөлсе болады. Мәдени антропологиялық зерттеу жұмыстары деп атауға болатын бірінші топты аса танымал ғалымдар құрайды: Т. Нагель, Г. Диц, Т. Нельдеке, В. Радлов, В. Бартольд, А. Диваев, В. Вельяминов-Зернов, И. Аничков, Г. Потанин.

      Екінші топты 19-20 ғасырлардың бас кезеңіндегі қазақ зиялы топтарының өкілдері құрайды: Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев және қазіргі заман ғалым-зерттеушілері, философтары мен мәдениеттанушылары, қоғамдық қайраткерлер: Ғ. Айдаров, С. Ақатай, С. Әкішев, Ә. Марғұлан, М. Мағауин, О. Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Ғарифолла Есім, М. Орынбеков, К. Нұрланова, Т. Ғабитов, Ж. Алтаев, Б. Нұржанов, З. Исмағамбетова, А. Наурызбаева, А. Қодар, Н. Масанов, Н. Шаханова және т.б.

      Мәдени антропологияның негізін – әлем халықтарының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттейтін этнография және мәдениеттерді салыстырмалы зерттеу ғылымы – этнология ғылымдары құрайды.

      19 ғасырда аталған ғылыми пәндердің зерттеушілері мәдени антропологияның негізін қалады, ал 20 ғасырда эмпирикалық базаның өзгеруіне байланысты, өзге социогуманитарлық ғылымдардан алынған әдіснамалық жүйенің қолдануы нәтижесінде, аталмыш ғылымның шеңбері кеңейе түседі.

      Адамзат қоғамын зерттеу этнография мен ежелгі заман антропологиясынан басталады. Қазіргі

Скачать книгу