Скачать книгу

бірақ санақ тек сын сәттегі халықтың хал-жайы туралы мәлімет береді. Сондықтан халықтың табиғи қозғалысын көрсететін ағымдағы есеп жүйесі дерегінің маңыздылығы айрықша»13. Бірақ Қазақстанда 30-жылдарға дейін халықтың ағымдағы есебі нашар дамыды. Некеге отыру, халықтың өсіп-өнуі, өлім-жетімі туралы сенімді нақты деректер болмады, себебі ондай актілерді тіркеп отыратын АҚАЖ органдары әлі де дұрыс жолға қойылмады. ҚазАКСР-інің ауылдық жерлеріндегі АҚАЖ қызметінің өте нашар дамуы салдарынан статистикалық органдарға басқа дерек көздерін іздеуге тура келді. Ауыл халқының табиғи өсімін бақылауға 10 %-дық шаруашылық қамтылған, жыл сайын өтіп тұратын іріктелген ауылшаруашылық санағын өткізуге шешім қабылданды. Әрбір күнтізбелік жылда сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді. Ал санақ жаз айларында өткізілетіндіктен туу мен өлім-жетім актілері 1,5 жылға кешіктіріліп тіркелді; нәтижесінде жазылмай қалу, әсіресе, жаңа туылған балалардың тіркелмей қалуы жиі кездесті. Қаржы жағдайына байланысты санақтың бұл түрін 1925 – 1927 жылдарға дейін Қазақстанның барлық аумағында жүргізу мүмкін болмады. Ал тексерілді деген уездердің өзінде барлық болыстықтар қамтылды деп айту қиын, тек 1929 жылғы санақта ғана механикалық сұрыпталған принцип толық сақталды, яғни әрбір ауылдық кеңес пен 20 және одан да жоғары қазақтар тұрмайтын елді мекендер есепке алынды. Бұл мәселе Н.Д.Трублаевичтің зерттеуінде қаралды14. Қала халқының табиғи қозғалысы туралы А.Поповтың еңбегін айрықша көрсетуге болады. Ол Орынбор қаласының АҚАЖ мәліметтеріне сүйене отырып, Орынбор губерниясы халқының табиғи өсімін 1887 – 1896 жылдардың мәліметтермен салыстыра отырып анықтайды15.

20-жылдардың баспасөзінен Қазақстан халқының ұлттық құрамына арналған көлемді мақалаларды көптеп кездестіруге болады. Мысалы, К.Харлампович 1923 жылғы қала санағы материалдарына сүйене отырып, ҚазАКСР қала халқының сол уақытқа тән бейнесін жасайды, 1920 және 1923 жылдардағы республика қалаларындағы қазақтардың пайыздық үлесін басқа ұлт өкілдерімен салыстыра көрсетеді16. Бұл мәселені зерттеумен А.Н. Донич та айналысты17. Автор 1926 жылғы санақ материалдары негізінде Қазақстан халқының 1926 – 1928 жылдардағы санын, орналасуын, жас және жыныс құрамын қысқаша талдаған18. 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басындағы халық тарихы мәселелері Т.Рысқұлов, Б.Н.Родневич, В.П.Вощинин еңбектерінде кездеседі19. Сол уақыттың баспасөз беттерінде осы сұраққа қатысты пікірталастар жиі жарияланып отырған20. 20-жылдардың баспасөзінде арнайы демографиялық зерттеулермен бірге әлеуметтік-медициналық зерттеулер де болды21.

Егер 20-жылдары халық мәселесі қарқынды зерттелсе, ал 30-жылдары бірнеше анықтамалардың ғана жарық көргенін айтуға болады22. ҚазАКСР-інің Орталық статистика басқармасы 1925 жылдан кейін кезекте тұрған 1931 жылдың «Статистикалық-экономикалық анықтамасын» жарыққа шығарды. Анықтаманы құрастырушылардың айтуынша, «ұлтаралық шекара белгіленген уақыттан бері Қазақстан туралы

Скачать книгу

13

Дробижев В.З. Организация учета естественного движения населения СССР в 1917 – 1926 гг. // Вестник МГУ. Серия история. 1978. № 3. – С. 27.

14

Трублаевич Н.Д. Естественное движение сельского населения КазАССР за 1924 – 1928 гг. // Народное хозяйство Казахстана. 1930. № 1-2. – С. 94 – 99.

15

Попов А.Т. Естественное движение населения г. Оренбурга за время с 1919 по 1922 гг. // Статистический вестник. № 4. 1924. – С. 76.

16

Харлампович К. Национальный состав городов КССР по переписи 1923 г. // Статистический вестник. 1924. № 5. – С. 55 – 67.

17

Донич А.Н. Народонаселение Казахстана. – Кзыл-Орда, 1928. – С. 8 – 15.

18

Сонда, 27-б.

19

Рыскулов Т. Казахстан. – М. – Л., 1927; Родневич Б.Н. О Казахстане. – М., 1931; Вощинин В.П. Казахстан. – М., 1929. Серия «Экономическая география СССР по районам». Под ред. М.Вольфа и Мебуса.

20

Народное хозяйство Казахстана. 1930. № 3 – 4. – С. 79 – 80.

21

Статистико-экономический обзор Кирреспублики. – Оренбург, 1923. – С. 102-149.

22

Статистико-экономический справочник. – Алма-Ата, 1932; Социалистическое строительство в КазАССР. Экономико-статистический справочник за 1920 – 1935 гг. – М. – Алма-Ата, 1936; Народное хозяйство Казахстана. 1936. № 9 – 10. – С. 77 – 78.