Аннотация

Үш тараудан тұратын зерттеу еңбекте Қазақстанның өткен ғасырдың 20-, 30-жылдарындағы тарихи-демографиялық жəне тарихи-географиялық хал-ахуалы кеңінен қарастырылған. Сол кезеңдерде жүргізілген халық санақтарына барынша талдау жасалынған. Нақты айтқанда, Республика халқының саны, əкімшілік-аумақтық тұрғыдан орналасуы, ұлттық құрылымындағы өзгерістер, адамдардың өсімі мен шығыны, жыныс құрамы, сауаттылығы, сондай-ақ əлеуметтік беталыс – ұжымдастыру, қолдан ұйымдастырылған ашаршылық тың деректермен қайта сараланылған. Еңбек тарихшылар мен демографтарға, Отан тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.