Скачать книгу

түсімде үш рет көрдім. Сол көргенімнен бері сендерді Ақкөлдің жағасында күнде күтіп жүрмін. Сендер Тұздейімге сиқырлы дəндерді қайтаруға бара жатырсыңдар. Білесіңдер ме, бұл ұрлық əр мың жылда бір рет болады. Ол дəндерді қайтару оңай емес. Шококент патшасы өз əскерлерінің орнына арнайы сендерді жіберіп отыр. Тіпті мыңдаған əскер жіберсе де, Тұздейімдіктерге күші жетпейді.

      Елдес сол кезде күліп жіберді:

      – Сонда мен «мың баламын» ба?

      Қария сөзін жалғастырып:

      – Мың баласың ба, əлде жүз мың баласың ба, оны əлі көре жатармыз. Тарихта дəндерді қайтара алмаған кездер де болған. Сондықтан абай болу керек.

      – Бұл нешінші ұрлық білесіз бе? – деп Рауза сұрақ қойды.

      – Бұл он жетінші рет болып отыр. Төрт рет аттанған адамдар нəтижесіз оралды.

      – Дəндерді қайтара алмасақ, Шококентке не болады? – деді Рауза уайымдап.

      – Онда Шококент толығымен еріп кетеді. Сосын балшықтан үй жасауға тура келеді. Ол балшықтың иісі өздерің білетін хош иіс емес.

      – Шококент емес Балшықкент болып кетеді ғой, – деді Елдес.

      – Адам балшықтан жаратылған ғой. Несі бар тұрамыз, – деп терең мағыналы сөздер айтты Рауза.

      – Адам балшықтан жаратылғаны рас. Бірақ мынау сасық балшық қой. Сендер одан да дəндерді қайтарудың жолын қарастырыңдар, – деп салмақты сөйледі Нуа ата.

      Ары қарай былай жалғастырды:

      – Өмір деген өте қысқа 60—70 жыл. Сол өмірді ерлікпен толтырыңдар. Əркімнің ерлігі əрқалай. Сендердің ерліктерің – осы жол, қолдарыңнан келетін барлық нәрсені жасаңдар. Əйтпесе, қорқақ сорлы болып қаласыңдар, – деп ауыр сөз айтты қария.

      Кенеттен екеуі де иықтарында ауыр жүк барын сезінді. Тіпті Елдестің басынан тер бұрқ етті. Екі батыр жаупкершіліктің қандай үлкен екенін сезінді.

      Рауза алға бір аттап:

      – Біз дайынбыз. Бұл жолда жанымызды да беруге дайынбыз, – деп сеніммен айтты.

      Жүректен шыққан бұл сөздер Нуа қарияны қатты қуантты. Үмітпен оларға қарап:

      – Онда дайындықты бастайық! – деген дауысы бүкіл бөлмені алып кетті.

      – Қандай дайындық? Біз дайын емеспіз бе? Екеуіміз де жақсы садақ атып, жақсы қылыштасамыз. Оған қоса мен күрес шеберімін, – деп Елдес кішкене мақтанышпен айтып еді. Қария:

      – Бұл жақсы, бірақ жеткіліксіз. Ерекше қабілеттерге ие болу өте маңызды. Осыдан бастап мен сендерге ұстаздық етемін, – деді.

      Елдес шыдамай:

      – Ол қандай ерекше қабілеттер, – деді де сылқ ете қалды.

      – Касиетті кітапты оқи білу, – деп Нуа ұстаз бір қызыл кітапты сөреден алып шығады.

      Кітаптағы жазулар ежелгі төте жазумен жазылған еді. Кітаптың бір бөлігі карталардан болды. Ал картаның үлкендігі дастарханның жартысындай еді.

      Қария картадағы бір жерді көрсетіп:

      – Сендер қазір мына жердесіңдер, – деп сарғылт түсті мекенді көрсетті.

      – Ал баратын жерлерің мына жақта, – деп қара түсті мекенді көрсетті. – Алдарыңда, нақты білмеймін, бірақ бірнеше патшалық жəне таңғажайып елдер тұр. Солардан өтіп Тұздейімге жетесіңдер.

Скачать книгу