Скачать книгу

қатты мән беріп жүр. Әлсіздерге көмектесуге әрдайым дайын. Біреу «көмек керек, жүр» десе шын жүректен қолдан келгенін істейді. Əкесі мен анасы оларға ерекше тəлім-тəрбие беріп өсірген. Олар сабақтан келе жатып жолдағы ағаштарды, шөптерді, жалпы айналасын зерттеп жүретін. Əр нəрседе бір мағына көретін.

      2. Екі үміт

      Күн бейсенбі еді. Шококент көшелерінің бірінде аққудай нəзік қыз келе жатты. Қызғылт-сары шаштары иығына дейін түсіп тұр. Айнала тым-тырыс. Сары қыз атасының үйінен қайтып келе жатып, жолда кездестірген гүлдерді əдеттегідей санап келе жатты. Жолдың бойымен өсіп тұрған гүлдер моншақтай тізілген. Күн де бар шуағын шашып, гүлдердің басынан сипап тұрғандай. Бірақ сол күнгі ауа райы ыстықтан шыжып тұрды. Жалқау аула мысықтары көрінбейді. Әдетте секіріп, ойнап көбелек қуалап жүрген мысықтар раушан гүлдерінің көлеңкесінде тығылып қалған. Тіпті ойынды қатты жақсы көретін күшіктер де сəкінің астына жайғасып алған. Кенеттен сары қыздың қасына ерекше сағыздан жасалған ат-арба келіп тоқтады. Арбаны безендірген сары шоколад оюлары күн сəулесін ерекше шағылыстырып тұр.

      Арбадан жанталасып үлкен лауазымды екі адам түсті.

      Құрметпен:

      – Сəлем бердік, Рауза сіз боласыз ба? – деп сұрады.

      – Сəлеметсіз бе, ия мен болам, – деді сары қыз.

      – Біз патшаның уəзірлері боламыз. Келіңіз арбаға отырыңыз, жолда бəрін түсіндіреміз, – деді көк шапан киген бас уəзір.

      – Жарайды, мен сізді білем. Патшамен бірге жүргеніңізді бірнеше рет байқағанмын, – деп Рауза сенгенін білдірді.

      – Дұрыс, бөтен біреудің арбасына отырмау керек, – деді бас уәзір.

      Раузаның ойы неше түрлі сұрақтарға тола бастады. Бірақ ол өзін ұстап отырды. Қара шапан киген екінші уəзір арбаға отырысымен:

      – Сенің бауырың қайда екен, екінші арбаны сол жерге жіберсек. Уақыт тығыз, – деді асығып.

      – Ол күреспен айналысады, дайындығына кеткен. Ерман палуаннан дəріс алып жүр еді, – деді Рауза.

      – Ерман палуанның өзінен бе? Бәрекелді! Естуімше ол екінің бірін шәкірт ретінде ала бермейді. Демек бауырың жәй адам емес қой, – деді екінші уәзір.

      Екінші арба атақты палуанның үйіне бет алды. Қара көзді, қара шашты бала дайындықтан енді шығып келе жатты. Кең иықты жəне бойы ортадан сəл жоғары. Күрескенде тек қана қара күшті ғана емес, ақылын да керемет қолданатын.

      Сарайдікі екені айдан анық арба баланың дəл алдына келіп тоқтады. Кішкене шаң көтеріліп, топырақтың иісі шығып кетеді. Шаңның арасынан екі уəзір шыға келді.

      – Сəлем, балақай. Сен Елдес боласың ба? Біз патшаның

      уəзірлері боламыз. Шаруа бар.

      – Ия, мен Елдеспін. Ол сонда қандай шаруа? – деді бала.

      – Өте құпия тапсырма. Кейінірек түсіндіреміз, – деді уəзір.

      – Жоқ, бірінші қандай шаруа екенін айтыңдар, əйтпесе ешқайда бармаймын, – деп боз бала қасарысып тұрып алды.

      Баланың қырсық екеніне көзі жеткен уəзірлер:

      – Жарайды, патша

Скачать книгу