ТОП просматриваемых книг сайта:
ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези. Рустем Серікұлы Сауытбай
Читать онлайн.Название ШОКО ӘЛЕМ. Фэнтези
Год выпуска 0
isbn 9785449014696
Автор произведения Рустем Серікұлы Сауытбай
Издательство Издательские решения
– Бізге көмек керек еді. Көлдің арғы бетіне жетуіміз керек. Бізге көмектесесіз бе? Əйтпесе, Шококент құриды, – деп олар дерттерін білдірді. Дойынның жүзінде мейірім көрініп тұрды.
– Жарайды, келіңдер, қонақ болыңдар, – деп оларды дастарханға шақырды.
Олар Дойынның артынан жүрді. Кеменің сыртынан арқаннан жасалған баспалдақ ілініп тұр. Дойын ірі болғанымен, мысықтай тез өрмелеп шығып кетеді. Бұл оның күніне бірнеше рет жасайтын ісі еді. Ол артына қарап:
– Балақайлар! Неге ақырындап қалдыңдар? – деді зілді дауыспен.
Рауза мен Елдес бар күштерін салып жоғары шықты. Олар шыққанша Дойын бес-алты рет түсіп қайта шығатындай болды. Бəрі бірге кемедегі капитан бөлмесіне қарай беттеді. Бөлменің ішінен аздап майдың иісі шығып тұр екен, бірақ қонақтар ештеңе білдірмей ішке кірді. Дастархан сүт тағамдарына толы болды. Айран, құрт, сүзбе, ірімшік, қаймақ, тіпті қымыз да бар еді. Елдес сөз бастап:
– Бұл сүт көлі Ақкөл қалай пайда болған екен? Тарихын білетін шығарсыз. Айтып бересіз бе?
Дойын жақсылап жайғасып алып әңгімесін бастады:
– Ия, ата-бабаларымыздан бізге жеткен бір аңыз бар. Бірнеше ғасыр бұрын бұл көлде су болған екен. Ол кезде көл «Суар» деп аталатын. Сол заманда көлдің жағасында тұратын халық бата бергенде тек қана «Ақ мол болсын!» – деп айтады екен. Уақыт өте келе адамдар суды қадірлемей, сүтті қасиетті қылып жібереді. Жылдар өтіп, сиыр сүт бергендіктен адамдар сиырға табына бастайды. Азып кеткен бұл халыққа құдай жазасын береді. Көлдегі суды сүтке айналдырып жібереді. Бір қызығы көлде жыл мезгілдері басқаша өтеді. Баста қымыз мезгілі келеді. Сосын шұбат мезгілі, одан соң сиыр сүті, артынан ешкі сүті мезгілі басталады. Осылайша əр мезгілде көл өзгеріп тұрады. Бірақ қара суға жетпейді, әрине. Сол уақыттан бері осы халық құрғақшылықта өмір сүруде, – деп әңгімесін аяқтайды Дойын.
– Қызық екен, бірақ суды қадірлемегендері өкінішті-ақ. Біз тіпті жеміс шырынын босқа жұмсамаймыз, – деді Елдес басын шайқап.
– Дұрыс, ысырапшылдық – бұл асқа деген құрметсіздік. Соңы жақсы болмайды, – деді Дойын балақайларға қарап.
Олар жақсылап тамақтанып алады. Дастархан басынан тұрған соң, алып Дойын басын қасып тұрып былай дейді:
– Сендерге көмектесейін. Бірақ кемеге ұшу үшін ерекше жанармай керек.
– Ол сонда қандай жанармай? – деп екеуі бірге сұрады. Қонақтар Дойынның бетіне қарап қалады.
– Бұл сиқырлы кеменің жанармайы – шынайы күлкі.
– Жарайды, бұл оңай ғой. Әзіл айтамыз! – деді Елдес қуанып.
– Бір әзіл күлкісі жарты күнге жетеді. Қатты күлкілі болса толық бір күнге де жетіп қалуы мүмкін. Бірақ бәріміз күлуіміз керек, – деді Дойын.
Рауза да араласа кетіп:
– Онда уақыт жоғалтпайық. Тезірек қимылдайық, – деді.
Бірінші болып күлкілі оқиға айтатын Елдес болды.
– Адамдар қай айда аз сөйлейді, білесіздер ме? – деп сұрақ қойды Елдес. Дойын ойланып:
– Қай айда көбірек тамақ ішеді, сол айда шығар. Өйткені ауыздары кішкене