ТОП просматриваемых книг сайта:
Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Читать онлайн.Название Телерадиожурналистика
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2164-6
Автор произведения Клара Қабылғазы
Жанр Культурология
Издательство КазНУ
3. Ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға ортасынан тікелей хабар беру үрдісі (тікелей эфир хабарларын талдау).
4. Тікелей эфирде ақпарат беру тәсілдері (хабарларға сараптама жасау).
5. Телерадио – ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы екенін ерекшеліктерін саралай отырып дәлелдеу.
6. Радио ақпаратты басқару мен жүйелеудің тетігі (жазба жұмысы).
7. Радионың адамға психологиялық әсер ету жағдайларына мысалдар келтіру.
Нұсқау:
СОӨЖ тапсырмалары тәжірибелік тәсілдермен орындалады, яғни дереккөздері телерадиохабарлар.
Бақылау сұрақтары:
1. Телевизияның табиғаты және маңызын сипаттаңыз.
2. Радионың басқа ақпарат құралдарынан ерекшеліктерін атаңыз.
3. БАҚ-тың түрлеріне сипаттама беріңіз.
ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Жоспар:
1. Әлемдік жаһанданудың негізгі талаптары.
2. Ұлттық электронды БАҚ-тың табиғи ерекшеліктерді сақтаудағы рөлі.
3. Халықтық педагогиканың ұлттық БАҚ-қа әсері.
4. Телерадиожурналистің қоғаммен байланысы.
Телерадиоақпаратты халыққа ұғынықты, түсінікті тілмен жеткізе білу де өнер. Бұл жолда үлкен жауапкершілік журналистің немесе жүргізушінің қабілетімен тікелей байланысты. Айталық, жаңалықтарды аударушы немесе жинастырушы редакторлар, тілшілер тобы қанша жерден тиянақты, мықты болғанымен, олар әзірлеген өнімді эфирге шығарып, халыққа жеткізе білуде жүргізушілік шеберлік, кәсібилік танытпаса, өз аудиториясына жаңалық та ойдағыдай әсер етпесі анық. Жаңалықтарды оқитын диктор немесе жүргізуші журналист әуелі өзінің не айтып отырғанын жақсы білуі тиіс. Айтар ойын тура, нақты, қарапайым әрі дәл жеткізуі шарт. Жаңалықтар легі жалаң фактілер тізбегінен құралмауы керек. Жалпы, радиодағы жаңалық өзінің жаңалығымен ерекшеленіп тұрғаны жөн. Оның мәні сол, халық сағат сайын елең еткізер ақпарат күтіп отыратындай жағдайға жетуі ләзім. Сонда ғана телерадиоақпарат өзінің толыққанды функциясын атқара алады деген сөз. Елбасы Н. Назарбаев төртінші медиафорумда сөйлеген сөзінде: «Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білімі мен білігіне байланысты. Менің пайымдауымша, күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негізделген жаңа заманға бастайтын жаһандану БАҚ-қа қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздерінің әрбір сөзі үшін моральдық жауапкершілікті терең сезінуі керек. Баспасөздің еркіндігі мен оның қоғам алдындағы моральдық жауапкершілігі арасындағы тепе-теңдікті таба білу – бүгінгі форумның күн тәртібіндегі ең басты мәселелердің бірі болады деп есептеймін. Сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқандайтын да қуатты күш. Ол саясатты ғана жасап қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауапкершілігі деп те танығандарыңыз жөн. Тәуелсіз БАҚ дегеніміз – аса қымбат құндылық. Сондықтан