Скачать книгу

мемлекеттер тәжірибелерінен үлгі ала отырып, қазақтың телерадиожурналистикасының қадамы қарыштай түсуде. Оған мысал болатын көптеген жаңа бағдарламалар легі әрі жас журналистер тобы және олардың ізденіске толы еңбектері екендігін батыл айта аламыз. Ақпарат тарататын бұқаралық құралдардың ішінде мүмкіндігі мол арнаның бірі радио деп саналады. Ақпарат кеңістігінде оперативтілігімен, шынайылығымен және өміршең өткірлігімен айрықша мәнге ие болған бұқаралық ақпарат құралдарының ең тиімдісі әрі ең қолайлысы осы. Ол кең аудиториясымен әрбір отбасына, әрбір жеке адамға әсер ету қуатымен ерекшеленеді. «Радиожурналистика – бұқаралық хабарлама тарататын құрал ретінде радионың бірегей техникалық мүмкіндіктеріне негізделетін насихаттық сипаты бар журналистика. Ол күрделі элементтік құбылыстар категориясына жатады. Оны ұйымдастыру, оның функциялары, ішкі құрылымы, басқа элементтік институттармен, бұқаралық аудиториямен байланысы үлкен күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл құбылысты тану да соншалықты күрделі, жан-жақты, сан қырлы болып көрінеді» [4]. Әуе толқынындағы әмбебап әлемге В.Н. Ружников осылайша дәл анықтама берген. Радио басқа ақпарат құралдарынан өзінің демократиялығымен және жеделдігімен оқшауланады. Кез келген ақпарат, жаңалықтар, күнделікті оқиғалар тізбегі, ең алдымен, әуе толқыны арқылы тарап жатады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда электронды ақпарат құралдарының, соның ішінде телерадиоарналардың саны күрт өсті. 1996 жылдың аяғында 30 радиостанция жұмыс істеген еді. Халықаралық «Интерньюс» агенттігінің деректеріне қарағанда радиожиілікті пайдалану құқығы үшін тендерден өтіп, ақы төлеу тәртібі енгізілгеннен кейін олардың қатары біраз сирей бастады, 1999 жылы 20-дан аса болды. Бірақ олардың көпшілігі музыкалық форматтағы радиохабарларын тарату станциясы болып табылады. Солардың қатарында «РадиоАлматы», «Авторадио», «NS», «31 арна», «Ретро», «Радио Sіty», «Love радио», «Energy FM», ресейлік арналардың өкілдіктері: «Орыс радиосы», «Еуропа плюс Қазақстан», «Хит-ФМ» телерадиостанциялары республика аумағын кең қамтыған. Аталған арналардың хабарларына ортақ тәсіл – тек қысқа ақпараттар беру, көбінесе батыстық, ресейлік эстраданы насихаттай отырып, аудитория санын көбейту, сол арқылы жарнаманы тарата отырып, қаржы табу.

Радиохабар тарату тарихы және даму кезеңдері

      Радио өзінің ағартушылық, насихатшылық қызметін сонау Саммуэль Морзенің сызықшалары мен нүктелері түрінде болған кезінің өзінде-ақ атқарғаны тарихтан белгілі. 1914-1917 жылдарда дүниеге даңқы таралған Қысқы сарайдан ел зиялыларының сөздерін, патшаның нұсқауларын таратып, радиограммаларды басып шығарып, үлестіріп, ақпараттық-үгітшілік саясаттың бір қызметін атқарған болатын. Сол тұста Ресей отары болып отырған түркі халықтары да патшалық өкімет назарынан табылып, табиғи байлығы мол, бұратана халықты уысына ұстаудың басты құралы етіп осы радионы пайдаланғаны құжаттар деректері арқылы мәлім. Мұрағаттық деректерге сүйенсек, 1920

Скачать книгу