ТОП просматриваемых книг сайта:
Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Читать онлайн.Название Телерадиожурналистика
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2164-6
Автор произведения Клара Қабылғазы
Жанр Культурология
Издательство КазНУ
Саяси жедел ақпараттар ағынын объективті жеткізу бағытында жарық көріп отырған күнделікті газеттер «Айқын», «Литер», «Алаш айнасы» сияқты басылымдардың да ақпарат алаңындағы орны айқындалып, бағыты мен бағдары нығая түсті деуге болады. Қазақстанда бірнеше жылдан бері радиоәуетолқынында объективті де сыни пікірлер қалыптастырып, дүниежүзіндегі 33 елдегі қазақ диаспорасына хабар таратып отырған «Азаттық» радиосының да өзіндік позициясы қалыптасқан деуге болады.
Қазақстанда облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-тар да жұмыс атқарып отыр. Мысалы, Алматы қаласында «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» және Астанада «Астана» телеарнасы», «Эра-ТВ» және басқалары. Бұл ұйымдарда көбінесе тек жаңалықтар дамыған, бағдарламалар көбінесе көшірме болып келеді. Өңірлік аудиториялар үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар да жұмыс істейді. Мысалы, «КТК», «31 арна», «Астана» телеарнасы, т.б. Жалпыұлттық аудитория үшін ақпарат таратушы БАҚ-тар жұмыс істеуде. Қазақстанда хабар тарататын жалпыұлттық БАҚ қатарына «MTV», «Euronews», «History», «Discovery» сияқты тақырыптық бағыттағы спорттық, іскерлік, мәдени, ғылыми, білім беру, көркемдеректі, музыкалық, т.б. мекемелерді жатқызуға болады. Бұл жалпыхалықтық бағытта Қазақстанда «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Панорама» сияқты газеттер, «Континент», «Мысль» сияқты журналдар, «Қазақстан», «Хабар» сияқты телеарналар, «Мир» ХТРА-сы және «Caspionet» жерсеріктік арнасы жұмыс істейді. Қоғамдық-саяси сипаттағы газет-журналдармен қатар жарыққа ақпараттық-жарнамалық, көңіл көтеретін, діни, әйелдер, жастар, балалар, ғылыми, техникалық және т.б. көптеген салалық арнайы басылымдар шығарылады.
Жалпыұлттық электрондық БАҚ Қазақстан Республикасы аумағының: «Хабар» телеарнасы – 95,70 пайызын, «Қазақстан» – 96,25 пайызын, «Еуразия – бірінші арна» – 78,60 пайызын, Қазақ радиосы – 86,99 пайызын қамтиды. Ал Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа және Солтүстік Африка елдерінің аумақтарында «Caspionet» ғарыштық арнасы хабар таратады. Елде кабельдік және эфирлі-кабельдік телевидение желілерінің 80-нен астам операторы іске қосылған, ол отандық және шетелдік электрондық БАҚ арқылы хабар тарату қызметін көрсетеді. Олардың ішінен ең ірісі «Алма-ТВ» (елдің 13 қаласына хабар таратады), «Қазақпараттелеком», «Секател» және «Қазорталық-ТД» (5 қала), «КВК» (4 қала) болып табылады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ өкілдері тіркелген. Олардың қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, Reuters, ITAR-TASS, Синь хуа сияқты дүниежүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар. Қазақстанның ішкі ақпарат нарығында http://www.internews. kz/newsitem/ сайтының деректеріне қарағанда ҚР 2765 бұқаралық ақпарат құралдары тіркеуден өткен. Оның ішінде 439-ы мемлекеттік, 2326-сы мемлекеттің құзырына жатпайтындар. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының 1666-сы газет, 848-і журнал, 238-і электронды БАҚ. Электронды ақпарат таратушы ұйымдардың ішінде 51 телекомпания, 48 радиокомпания,