Скачать книгу

әсер алды.

      – Тағы да, тағы бір ән сұраймыз! – деп, отырған жұрт ду қол шапалақтады.

      – Сіз біздің филармонияның әншісі емессіз бе осы? – деп асаба жігіт мейірімге толы көздерімен апайға қарады.

      – Жоқ, мен өмір бойы мұғалім болып істедім, енді міне зейнеткермін.

      – Айналайын қазағым, өнерлі ғой, қай қазақты алсаң да ол ақын, ол әнші, ол күйші. Ал енді мына әжелеріміздің қол өнерлеріне келетін болсақ, қолдарынан жарқырап тамаша ою-өрнектер шығады. Өнердің бәрі қазағымда десем жаңылмаймын. Ал енді, Дәриға апай, мына жұрт сізден тағы бір ән сұрап отыр, – деп асаба елдің өтінішін білдірді.

      – Жалғыз мен ғана айта беремін бе, бәріміз қосылып Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін шырқайық. Мен бастайын, сіздер қостаңыздар, – деп Дәриға апай әнді бастап кетті. Шәмшінің әндерін кім білмейді, кім айтпайды? Отырған жұрттың бәрі қосылып шырқай жөнелді. Асаба жігіт әнді өрнектеп, екінші дауысын айтып, құлпыртып жіберді.

      – Ал енді рұқсат болса, көршілерге кезек келді. Талай жылдан бері көрші болып, нанын бөлісіп жеген, Медет ақсақал сізден бастайық – деп, асаба мирофонды ол кісіге ұсынды.

      – А, мен бе? – деп, қалың ойдың үстінде отырған Медет ақсақал селк ете түсті.

      – Саған сөз берді, сөйле, – деп, жанында отырған Жамал апай сыбыр ете түсті.

      Ақсақал орнынан тұрып бір-екі ауыз тілектерін айтып, «енді әрі қарай жолдасым сөйлесін» деп микрофонды әйеліне бере салды.

      Сонымен, тілектер айтылды, ән шырқалды, той мәресіне жақындайын деді.

      – Той бастар! – деп асаба жігіт қолындағы домбырасын қағып-қағып жіберіп, «Той бастар» әнін шырқай жөнелді. Қыз-келіншектер, әдемілеп ораған «Той бастарларын» дастарханға әкеліп қойды.

      – Ал енді «Той бастар» айтпай, алдарыңызға әкеліп қойған табақтарды ашпайсыздар! Қазақтың осындай тамаша дәстүрін сыйлайық. Кімнен бастасақ болады, төрде отырған әжелер бастасын?! Әннің бәрі осы кісілерде, – асаба төрде отырған үлкен кісілерге жақындады.

      Әжелер, жарықтықтар, шетінен суырып-салма ақындар, ел ішінде айтып жүрген той бастарды да, өз жандарынан суырып салып та шырқатты-ай кеп. Тіптен тоқтамайды. Сонымен, микрофонсыз-ақ бір ән екінші әнге жалғасып, жасы бар, үлкені бар бәрі «Той бастарларын» айтып, алдарында тұрғанды аша бастады.

      – Ендігі сөзді осы той иесі болған Нүрилә апайымызға берейік, – деп, асаба микрофонды төрде отырған апайымызға берді.

      – Балаларым, келіндерім, қыз-күйеуім, немерелер бәрің бері жақындаңдар! – деп апай отбасын өзінің жанына жинады. – Құдайға тәубә, осы балалардың әкесі Қайрат жарықтық көзін жұмып бақилық болса да, балаларым өсіп-өніп жатыр. Менің ендігі қызығым осыларда. Осылар қайда жүрсе де амандықтарын тілеймін. Осылардың арқасында ішкенім алдымда, ішпегенім артымда, көйлегім көк, үйім жылы. Бұлардың әкесі де бір аунап жатқан шығар, жатқан жері жайлы болып, жаны жаннатта болсын деп тілеймін. Жаңа асаба бала «қай қазақты алсаң да ақын» деп айтып еді.

Скачать книгу