Скачать книгу

жігіт «биші жігіттің» басына оюланған тақия кигізді.

      – Рахмет жігітім, бұрынғы қимылым жоқ әрине, бірақ сонда да болса тырысып бақтым, – деп қалды бұл кісі де.

      – Ал, құрметті аналарымыз. Апаларымыз, қыздар деп қояйын, биге шығыңыздар! «Қамажайды» сіздерден артық кім билейді? Кәне, музыка!

      «Қамажай» ән-биінің тамылжыған әуені құлаққа жағымды естілді. Тізіліп дайын тұрған әжелер, сонша келмесе де қолдарын «майыстырып», денелерінің икемі болмаса да билеуге тырысты.

      – Күлтәй, сен бұл кісілерге қарағанда жассың ғой, кәне, әжелерге қосылып биле, – деп, «бишілерге» қарап тұрған Күлтәй құрбысын, Нүрилә апай ортаға шақырды.

      – Е бәсе, билеңіз, тағы қосылатындарыңыз бар ма? – деп, асаба жігіт қояр да қоймай бір-екі үлкен кісілерді ортаға шығарды.

      – Ал енді жүн сабаңыздар, оны түтіңіздер, ұршық ұстап жіп иіріңіздер, – деп асаба би қимылдарын «бишілердің» естеріне салып тұр, – шапалақ қайда, шапалақ! «Бишілерді» демеп, шапалақты аямаңыздар!

      Қарап тұрған жұрт күліп, шапалақтай бастады.

      – Жарайсыздар, әжелер! Міне сіздерге сыйлық! – деп, Нүрилә апайдың қызы әжелердің иықтарына бір-бір жібек орамал жапты.

      – Ал енді қазақтың халық биі «Қара жорға!» Бұл биді «Буын биі» деп те атайды, – деп, асаба жігіт жұртты тағы да биге шақырды. Бұл би той-томалақтың сәні болып табылады. Кейіннен қайта жаңғырған осы би кеңінен тарап кетті. Әуелі бала-бақшада да, мектепте де осы биді кеңінен насихаттап үйретеді. Мектептерде таңғы жаттығулардың орнына осы биді билейтін болыпты. Бұл қуантатын жағдай. Сонымен, «Қара жорға болмаса бидің сәні келер ме, бүрмелі көйлек кимесе қыздың сәні келер ме…» деп, би әуені осы тұрғандардың бәрін еліктіріп әкетті. Жасы да, кәрісі де билеп, көңілдері сергіп қалды.

      – Ал ағайын, той сүйер қауым! Дастарханға шақырамын, тойымызды жалғастырайық, – деп, асаба бәрінің орындарына отыруларын өтінді. – Осы дастарханды Нүрилә апайымыздың құрбы-құрдастары, қызметтестері өз тілектерін айтып, бүгін «он сегізге» толып отырған апайымзды, туған күнімен құттықтауларымен бастасақ деймін. Осы мерей тойда Нүрилә апайымыздың Күлтәй деген қызметтес болған құрбысы отыр екен, сөзді сол кісіге бергім келіп тұр. Кәне, өз тілегіңізді айтып, артынан ән шырқатарсыз!

      – Айналайын асаба, тілегімді айтайын, бірақ ән шырқамаймын – деді де, жымиып Күлтәй орнынан тұрды, – әнші мына Дәриға, тамылжытып сол шырқасын. Ал енді мына тойға келетін болсақ, той деген тамаша өтіп жатыр. Кезінде Нүрилә екеуміз бір мекемеде қызмет атқардық. Нүрилә өзінің адалдығымен, ақылдылығымен, көрегендігімен ұжымымызда өте сыйлы болды. Шешілмей жатқан мәселе болса осы Нүриләға жүгінетінбіз. Ол үшін шешілмейтін ешқандай мәселе жоқ, бәрін жіліктеп, орын-орнына қойып, түсіндіріп беретін. Енді міне бүгін Алпысқа толып, мерей тойын тойлатып отыр. Нүрилә, туған күнің құтты болып, ең бастысы денің сау болсын. Аллам бойыңа қуат беріп, балаларыңның қызығына тоймай жүре бер. Құдайға тәуба, немере сүйдің, енді шөбере, немене, шөпшіме сүй. Бүгін міне алпысқа толсаң

Скачать книгу