ТОП просматриваемых книг сайта:
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн.Название Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Год выпуска 2015
isbn 9965-30-475-0
Автор произведения Амангелді Әліпбаев
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
ХХ ғасырдың басында қуатты елдер қатарында болған Германия, Франция, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Италия сияқты елдердің ішкі саяси дамуын, экономикалық жағдайын, әлеуметтік саладағы жетістіктері мен кемшіліктерін, сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарын, осы елдердің өзара қарым-қатынастарында жалпыға бірдей болған үрдістер мен мәселелерді айқындауда көптеген тарихи зерттеулер мен құжаттарға, ғылыми әдебиеттерге сүйендік.
Елдердің тарихи дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуде халықаралық қатынастар ілімі мен халықаралық саяси үрдістерді қарастырмау мүмкін емес. Ешбір мемлекет, ешқандай халықаралық қатынастар субъектісі басқа субъектілермен қарым-қатынасқа түспей, шектелген кеңістікте өмір сүруі мүмкін еместігі белгілі. Әлемдік кеңістіктегі сол кезеңде болып жатқан тарихи оқиғаларды қатысушы елдердің өзара әрекеттестігін сараламай түсіну өте қиын. Сол себепті де оқу құралында ең алдымен ХХ ғасырдың басында әлемді дүр сілкіндірген бірінші дүниежүзілік соғысты зерделеу және соғыстан кейінгі қалыптаса бастаған халықаралық қатынастар жүйесін талқылау кең көлемде орын алады.
Еуропалық елдер бастаған бірінші дүниежүзілік соғыс сол сәттегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі 59 тәуелсіз мемлекеттің 33 елін қамтып, жер шары тұрғының 87 пайызын, яғни 1,5 млрд. адамды соғыс жағдайында ұстады. Соғыс барысында қаза болғаны мен жарадан қайтыс болғандарының саны 10 млн. адамнан асса, жаралы болып қалғандары екі есе. Көптеген елдер бүтіндей күйзеліске түсті. Соғыс нәтижесінде әлемді шарпыған әлеуметтік толқулар, әлемдік картада Ресейлік, Германдық, Австро-Венгриялық және Осман империяларының жоғалуына әкелді. Әлем өзгеріске түсті, тек соғыспен басталған әлемдік саяси-экономикалық дағдарыс жалғасып жатты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен басталған әлемнің жаңа даму сатысын қазіргі заман тарихына жатқызамыз. Қазіргі заман тарихы адамзат қоғамының дамуын үлкен екі бөлікке бөліп қарастыруда. Бірінші бөлігі 1918 жылдан басталып 1945 жылмен аяқталады, яғни, бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына дейінгі уақытты қамтиды. Өйткені екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа әлемдік бөліс, жаңа саяси-экономикалық даму үрдісі басталады. Қазіргі заман тарихының бірінші бөлігінің өзін саяси-экономикалық жағдайларға байланысты төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең барысында (1918-1923) бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде ірі жеңімпаз мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесінің келісім шарттарының негізінде әлемдік бөлісті бекітті. Соғыс барысындағы халықтың күйзелісі қуатты революциялық өрлеуге итермелеп, Ресейде капиталистік құрылым күйреді, басқа капиталистік елдерде жұмысшы-шаруалардың, әскер бөлімшелерінің ереуілі кең етек алып, Германия, Австро-Венгрия, Финляндия сияқты елдерде революцияға ұласып жатты, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония сияқты елдерде еңбекші халықтың кең көлемдегі шерулері саяси төңкеріске дейін жеткізді. Ірі капиталистік елдерде күшті экономикалық және саяси дағдарыстар байқалды. Отарлар мен басыбайлы елдерде (Қытай, Түркия, Иран, Ауғанстан және т.б.) ұлт-азаттық қозғалыстар күшейе түсті.
Екінші кезеңі (1924-1928) бір жағынан капитализмнің уақытша аумалы тұрақтануымен сипатталса, екінші жағынан жаңа социалистік жүйедегі Кеңестер Одағының дамуы мен нығая түсуі көрініс тапты. Капиталистік елдерде капиталдың шоғырлануы мен орталықтандырылу үрдісі жеделдетілді, саяси жағдайы біршама қалыпқа түсті. Қытай, Марокко, Сирия, Ливан және басқа да елдерде отаршылдарға қарсы қарулы күрестер кең етек алды. Әр саяси үрдіс капиталистік тұрақтылықтың негізін шайқалта бастады.
Үшінші кезең (1929-1939) 1929-1933 жылдар аралығында капиталистік әлемді жайлаған күшті әлемдік экономикалық дағдарыстан басталады. Дағдарыс өндірістік күштерді орасан зор күйзеліске түсіріп, жалпы бұхара халықтың жоқшылыққа ұшырауына әкелді. Дағдарыстан кейінгі уақытша тоқырауы 1937 жылғы жаңа дағдарыспен ауысып екінші дүниежүзілік соғыспен үзіледі. Капитализмнің жалпы дағдарысының кең етек алуы кертартпалықтың ең төменгі шегі –фашизмнің жандануына мүмкіндік туғызды. Германия мен Италия елдерінде фашистік тәртіп орнады. Фашизмнің басқыншылық саясаты қарама-қарсы екі саяси топтың: ағылшын-француз-американдық және герман-жапон-итальяндық топтың пайда болуына ықпал етті. Бұл саяси топ өкілдерінің басты мақсаты әлемді жаңа бөліске салу еді, мүмкіндігінше алғашқы социалистік бағыттағы мемлекетті жою да көзделді. Бұл кезеңде Германия, Италия және Жапония басқыншылық соғыстарын бастап та кетті. Басқа елдің үлесінен шет қалмау саясаты Кеңестер Одағы тарапынан да байқалды, ол ең алдымен Польшаны бөлісуге қатысуы, Финляндияға шабуыл жасауы.
Төртінші кезең (1939-1945) – бұл екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі, соғыстың аяқталу уақыты қазіргі заман тарихының бірінші кезеңін қорытындылайды. Екінші