Скачать книгу

тағы да күліп жібереді)

      Ғабдуррахман. (ашулана бастап жамағатқа көзін алайтып қарайды – күлкі пышақ кескендей тыйылады) Имам! Сіз не – мені келемеждеп отырсыз ба? Өзі біздің әңгімеміз айтысқа айналып кеткенге ұқсайды – сіз біздің жігіттерге шариғат заңы жөнінде дәріс беруге келісесіз бе, әлде басқа ұстаз іздеуге тура келе ме? Сіз соны айтыңыз.

      Асқар. (біраз уақыт ойланып отырып, ақыры басын көтеріп) Әрине, мен ешқашан шариғат жөнінде дәріс беруден бас тартпаймын. Мен өзі әрдайым мешітте жамағатқа уағыз айтып отырамын. Сіздердің біздің жамағаттан жіктеліп, оңаша дәріс алғандарыңыз дұрыс емес…

      Ғабдуррахман. (сөзін бөліп жіберіп) Жоқ! Сіз айтыңыз – бізге, осында отырған жігіттерге шариғат заңы жөнінде дәріс бересіз бе, жоқ па? Осы сұраққа жауап беріңіз!

      Асқар. (күрсініп алып) Жақсы, мен сіздерге дәріс берейін.

      Ғабдуррахман. Бәрекелді! Мен сізден басқа жауап күтпеп те едім. Шынын айтайын – мен сіз жөнінде тек өте жақсы лебіз естіп жүрмін. Қай мұсылманнан сұрамасаң, сізді адал адам, нағыз мұсылман деп сипаттайды. Қазіргі заманда кейбір молдалар, имамдар Аллаһтың заңын ұмытып, ақшаның соңына түсіп кеткені сізге мәлім болар. Ал сіз өз жұмысыңызға адал көрінесіз. Сондықтан да біз сізді өзіміздің қатарымызда көргіміз келеді. Және бізді жатырқамаңыз – сіз бен біздің мақсатымыз бір.

      Асқар. Мақсат бір болғанмен, жолымыз бір ме? Мен сіздерге дәріс беруге келісім бергенде, бет алған жолдарыңыздан тосып, Алланың дұрыс, тура жолына түсіремін деген оймен келісім бердім. Иншалла, осы ниетім жүзеге асып сіздер әлі қателіктеріңізді түсінесіздер.

      Ғабдуррахман. Асеке! Кімнің қателесіп, кімнің тура жолда екенін бір Аллаһ қана біледі. Солай емес пе?

      Асқар. Әрине, солай. Сондықтан да біз әрдайым Алладан бізді тура жолға салғанын тілеп сиынамыз.

      Құран оқып дұға тілейді. Жамағат та қол жайып сол дұғаға қосылады.

      Асқар. Иә, жаратушы ием! Біздің қателіктеріміз бен күнәмізді кешіре гөр. Бізді өзің нұсқаған тура жолға бастай гөр. Мемлекетімізге тыныштық, бейбіт өмір нәсіб ете гөр. Би рахматика иә әрхәмәр рахимин, Аллаһү акбар!

      Ғабдуррахман. Аллаһү акбар!

      Жамағат. Аллаһү акбар!

      Екінші көрініс

      Асқардың пәтерінің ішкі көрінісі. Балкон есігі ашық, самал жел түрулі перделермен ойнап тұр. Сыртта өсіп тұрған ағаштардың жайқалған жапырақтары көрінеді, яғни, күн жаз. Телевизор істеп тұр, онда Чайковскийдің «Аққулар айдыны» балеті жүріп жатыр. Жамал диванда отыр, бірдеңе тоқып отырып анда-санда телевизорға көз тастап қояды. Ол қазіргі кездің әйелдеріндей киінген, басында шағын орамал. Асқар кіреді.

      Жамал. (ісін қоя салып, пульт арқылы телевизордың дыбысын бәсеңдетеді, алайда музыка мүлдем өшпей, анда-санда күшейіп, бәсеңдеп ерлі-зайыптылардың диалогының фоны болып тұрады) Ә, келіп қалдың ба? Шәй ішесің бе?

Скачать книгу