ТОП просматриваемых книг сайта:
Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Читать онлайн.Название Төңкеріс. Пиесалар
Год выпуска 0
isbn 9785448378027
Автор произведения Қайыркелдi Руспаев
Жанр Драматургия
Издательство Издательские решения
Иван. Ақырғы рет ескертемін: қойыңыз телефонды столға!
Екі оқ қатар атылады, Иван шалқасынан түседі де, ал оның оғы шейхке дарымайды. Шейх түк болмағандай тапаншасының тетікшесін басып жерде қимылсыз жатқан Иванға қарайды. Асқар Иванның жанына тізерлей отыра кетіп құлағын оның көкірегіне тосады, сосын аяғына тұрады.
Асқар. (көздерімен шейхті ішіп-жеп) Қанішер! Бұл жазықсыз жаның не кінәсі болды? Бұны не үшін өлтірдің?
Ғабдуррахман. Бұл «жазықсыз жанның» орнында мен де жатушы едім. Әрине, егер Аллаһ солай жазған күнде. Бұл кісі өлтіру емес – бұл әділ жекпе-жек. Бұл жігіт қаруын бірінші көтерді, бірінші болып атты, содан міне, жазасын алды. Әлін білмеген әлек! (қайтадан ұялы телефонның кнопкаларын басып керекті нөмірді теріп болып имамға қарайды) Міне, керекті нөмір терілді, енді тек дозвон кнопкасын басып қалсам, стадион бір үлкен қоқыс үйіндісіне айналады. Сонымен, имам, сіз менің ұсынысымды қабылдайсыз ба, әлде қабылдамайсыз ба?
Асқар. (қалтасынан Халел берген тапаншаны алып шығып шейхке кезейді) Телефонды столға қойыңыз, шейх! Қойыңыз да, қолдарыңызды көтеріп кері шегініңіз.
Ғабдуррахман. О-һо! Асеке, мұныңыз не? Дәл сізді қолыңызға қару алады деп ешқашан ойламап едім.
Асқар. Алуға тура келді. Сіз маған басқа амал қалтырмадыңыз. Мен сізді теріс жолдан тайдырамын деп бақтым. Аллаһ куә – сіз сөзге көнбедіңіз. Енді қарудың күшімен көндіргеннен басқа амал қалмады. Өйткені мен сол мыңдаған адамдарды, бейкүнә балаларды өлтіргізіп қоя алмаймын. Сөзбен тоқтата алмасам, қарудың күшімен тоқтатамын.
Ғабдуррахман. (күледі) Қызық екен! Бірдей бір қаланың имамы, кеше ғана мешіттің мінберінен имандылыққа, ізгілікке, рақым мен мейірбандыққа шақырып жалынды уағыз айтқан адам енді өзінің мұсылман бауырына қол көтеріп, оны өлтіріп тастауға дайын тұр. Қойыңыз, Асеке, сізге бұл іс жараспайды. Сіз өзіңізді айнадан көрсеңіз… (тағы да күледі) жоқ, сіз ата алмайсыз. Сіз адамды өлтіре алмайсыз. Адам өлтіру оңай шаруа емес.
Асқар. Иә, мен ешкімді өлтіргім келмейді. Бірақ, он мың… барлық қаланың тұрғындарын санағанда алпыс мың адамның өмірін сақтап қалу үшін мен сол күнәні мойыныма артып алуға бармын. Ал, қойыңыз телефонды столға. Қолыңызды көтеріңіз де шегініп кетіңіз. (Ғабдуррахманның қозғала қоймағанын көріп) Ғабдуррахман, мен сізді шынында да атып тастаймын!
Ғабдуррахман. Ата алмайсыз! (тапаншасын көтеріп Асқарға кезейді) Ал мен сізді оп-оңай атып тастаймын. Есіңізде болсын – мен ешқашан мүлт жібермеймін. Егер тапаншаңызды шошаңдатуыңызды қоймасаңыз мен стадионды жарып тастаймын! (телефон ұстап тұрған қолын жоғары көтереді)
Асқар. Ғабдуррахман! Тоқтат! Тоқтат деймін! А-а! (тапаншаның шүріппесін басады, тапанша екі-үш оқ атып жібереді. Бір оқ Ғабдуррахманның телефон ұстап тұрған қолына тиіп ол телефонды еденге түсіріп алады; іле Асқардың ұстап тұрған тапаншасы да тарс етіп еденге құлап түседі)
&nb