Скачать книгу

соңынан есік жабылысымен) Ия, мүмкін жақын арада кездесерміз. Ал, мүмкін, біз ешқашан бір-бірімізді көрмеспіз. Алла біледі, енді не болатынын…

      Үшінші көрініс

      Мешіт алаңы. Алаң темір тормен қоршалған. Артқы планда мешіттің ғимараты. Темір шарбақтың оң жағынан әкімшіліктің ғимараты көрініп тұр, оның төбесінде ислам дінінің жасыл туы желбіреп тұр. Алаңда, мешіттен бері қарай, интірескен халық, көбіне мұсылманша киінген ер-жігіттер мен қыз-келіншек. Арасында орта жастағы ағайлар мен жеңгейлер, ақсақалдар мен әжейлер де бар. Олардың да кигені шапан мен тақия, кимешек пен хижап. Сахнаның бір жағында үйіліп жатқан жұдырықтай жұмыр тастар, екінші жағында – адамға дүре соққанда кісендеп қоятын баған. Жұмысшылар ағаштың діңін алып келіп қояды. Тағы бір жұмысшы қасапшының балтасын әкеліп діңге қадайды. Дің мен балтаны көрген жұрт шуласып кетеді.

      Топтың ішінен бір дауыс. Мына балта мен дің не үшін керек?

      Екінші дауыс. Қылмыскерлердің басын шабу үшін!

      Бірінші дауыс. Кет әрі!

      Екінші дауыс. Иә! Бұлар сені «әке-көке» демейді. Қылмысты болдың ба, күнәға баттың ба – қолма қол басыңды алады.

      Үшінші дауыс. Әй! Түк білмесең жұртты бекер дүрліктірмей жәй тұр. Балта мен дің ұрылардың қолын шабуға керек.

      Бірінші дауыс. Бәсе! Басын шабады дегені…

      Халық тағы да гу-гу. Алаңның бір жағын қоршап «Әл-хизб» партиясының қарулы жасақтары келіп сап құрады. Олардың белдіктерінде тапанша, қолдарында резеңке шоқпар. Ал алаңның екінші жағына автомат асынған гарнизон сарбаздары келіп сап түзеп жатыр. Сахнаның бергі бетінде, көрермендерге қырын беріңкіреп үстел тұр, оның бір жағында үш орындық, ортаңғысының арқасы қалған екеуінен биігірек. Қази келіп ортаңғы орындыққа жайғасады. Оның соңынан, қолында арнайы дәптері бар хатшы келеді де қазидың сол қолындағы орындыққа отырып, дәптерін ашып, қаламын алып бірдеңе жаза бастайды. Олардың соңынан, көмекшілерін ертіп Ғабдуррахман шейх келеді. Шейхтің үстінде шапан, басында сәлде, аяғында мәсі, қолында қамшы.

      Ғабдуррахман. (оң қолын қамшысымен бірге кеудесіне басып) Ассаламу ғаләйкүм!

      Топтан бір-екі дауыс. Уа ғаләйкүм ассалам!

      Ғабдуррахман. Мұсылмандар! Ағайындар! Бүгінгі күн тарихқа кіретін күн. Өйткені қазір, біздің жерімізде бірінші рет, шариғат соты өтпек. Біз көп уақыт заңсыз өмір сүрдік. Әлгі бұрынғы заң-сымақ біздің адамдарды тек азғындыруымен болды. Өйткені ол заңсымақтарды адамдар ойлап шығарған. Ал шариғат заңы – ол Аллаһтың заңы! Кейбіреулер ол заңды тым қатал дейді. Бұл жалған! Өтірік! Шариғат заңы – ең әділ заң. Иә, нағыз қылмыскерлер мен күнәһарлар үшін ол қатал болар. Алайда, бейкүнә адамды бұл заң жазаламайды. Мына мұсылманды мен өзімнің әмірімен қази етіп тағайындадым. Бұл кісі шариғат заңдарын жақсы біледі. Қази, бұрынғы сот-сымақтарға қарағанда өте әділ, заңның бұрмалауына жол бермейді, пара алмайды, өйткені ондай қылмыс үшін Аллаһтың алдында жауап береді. Әрине, бұрынғы сот-сымақтар да Жасағанның алдына барады, бірақ олар оны білмеді, олар оған сенбеді. Олар өздерінің қылмыстарын жұртқа білдірмей бақты. Алайда, Аллаһтан еш нәрсені жасыра алмайтынын

Скачать книгу