Скачать книгу

кредитке алғанын және де кредитті 10 жыл бойы төлейтінін, ал жинаған жинағы 10000 теңге ғана екенін білдің. Қалай ойлайсың бұл адам бай ма? Қалай ойлайсың мұндай затты сатып алудың пайдасы бар ма?

      2. Тау соқпағында лашықта тұратын дәруіш-гид тек көкөністермен тамақтанып, 10 жыл бұрын секонд-хэндта сатып алған киіммен жүреді. Ай сайынғы табысы 150 000 теңге. Ал өмір сүруіне ай сайын 50 000 теңге ғана жаратады. Жыл бойына жинағы 1 200 000 теңге болды. Қалай ойлайсың бұл адам кедей ма? Неге?

      Тарау 4. Баға неге байланысты қойылады?

      Баға – бұл барлық заттың өлшемі.

      Константин Кушнер

      Сен өміріңде неге бір зат екінші затқа қарағанда басқаша бағада тұратынын ойланып көрдің бе?

      Кез келген заттың бағасы екі нәрсеге байланысты:

      – Материал

      – Еңбек

      Материал – бұл біз ұстап, сипап, көріп және сезе алатын нәрсе.

      Еңбек әр-түрлі бола алады, ол адам жасаған жұмыс және де машина жасаған жұмыс болу мүмкін.

      Бірақ! Ешқандай да мінсіз машина адам бақылауынсыз жұмыс жасай алмайды, яғни, кез келген машина еңбегіне адам еңбегі қосылады.

      Мысал

      «Сникерс» шоколадты батончигін алайық.

      Ол жасалынған материал: какао, жаңғақ, карамель.

      Батончикті дайындау үшін кеткен еңбек: какао-атбас бұршақтарды, жаңғақты, қант құрағын өсіру. Жинау, тасымалдау, сақтау. Шоколадты, карамельді жасау, формаға құю. Бұның барлығы машинамен жасалынады, яғни машинаның еңбегі. Машинаны және барлық бизнес процесстерді еңбек етуші адам қадағалайды.

      Сонымен, қосайық материал + еңбек = шоколадты батончик!

      Күрделірек мысал

      Электрондық кітап.

      Қалай ойлайсың кітап жасағанда материал қолданыла ма, әлде тек еңбек қана бар ма?

      Негізінде электрондық кітапта да материал қолданылады. Бұл материалды автор еңбегімен жасалынады. Кез келген материалды жасау әрдайым еңбекпен бірге жүреді. Тап осы жағдайда материал – автор жазған текст.

      Электрондық кітап жасау үшін авторлық еңбекпен жасалынған ғана материал аз болады. Материалға кітапты цифрлау, иллюстрациялар жасау, электрондық үстеме жасау сияқты қосымша еңбектер қосылады.

      Сонымен, қорытындылап келсек:

      Материал + еңбек = электрондық кітап.

      Мына заттардың құны неден тұратынын ойланып жауап бер

      – Iphone. Жақсылап ойлан, неге Iphone онымен фунцкионалы бірдей басқа ұялы сымтетіктерге қарағанда қымбат тұрады?

      – Сенің сүйікті онлайн ойынның?

      – Нанның?

      Тарау 5. Инфляция және дефляция. Бұл сөздердің сен үшін қандай мәні бар?

      Өмірді бүгін сүр. Ертең қымбатқа түседі.

      «Pan American» авиакомпаниясының жарнамасы

      Алдыңғы тарауларда айтып кеткендей, ақша – бұл айырбас үшін арналған тауар. Ал кез келген тауардың, сонымен қатар ақшаның да өз құны бар. Ақшаның құны да кез келген тауардың құны сияқты өсу де төмендеу де мүмкін.

      Инфляция – бұл ақшаның құнының төмендеуі. Дефляция –

Скачать книгу