Скачать книгу

жиынтығы ерекшеліктеріне қарай: СISС (ағылш. Соmрlеtе Instruction Set Computer), RISС (ағылш. Rеduсе Instruction Sеt Computer), VLIW (ағылш. Vеrу Long Instruction Word);

      3) орталық процессорлардың санына қарай: бір процессорлы, суперскалярлы, көп процессорлы; көп процессорлылар жадымен өзара байланысу принципі бойынша бөлінеді: SMР (ағылш. Symmetric Multiprocessing), MРР (ағылш. Massive Parallelprocessing), үлестірілген.

      Қазіргі кезде көптеген көп процессорлы жүйелер симметриялы мультипроцестеу (SMР) архитектурасын пайдаланады.

      Сыртқы аппараттық қамтамасыздандыру және перифериялық құрылғылар.

      Енгізу құрылғысы

      Тінтуір (mоusе), Дигитайзер (digitizer / graphictablet/ графикалық планшет), Пернетақта, Сканер, Сандық бейнекамера және т.б.

      Шығару құрылғысы

      Монитор (электронды-сәулелік түтік, сұйық кристалды, плазмалық), монитор жұмысын видеоадаптер деп аталатын арнайы карта қадағалайды, принтерлер (матрицалық, сиялы, лазерлік), плоттерлер (график тұрғызғыштар), модем (МОдулятор-ДЕМодулятор) және т.б.

      2.3. Компьютерлік жүйелерде деректердің берілуі

      Cандардың берілуі.

      Ақпаратты компьютер жүйесі жадысында орналастыру (сандық және сандық емес) үшін кодтау әдісі, екілік код пайдаланылады.

      Электронды есептеу машинасы (ЭЕМ) жадысында ұяшық8 биттен (байт) тұрады. Әрбір байттың өзіндік нөмірі бар, оны адрес дейді. Компьютерлік жүйелерде бір бүтін етіп өңдей алатын, биттің ең үлкен тізбегін машиналық сөз деп атайды. Машиналық сөздің ұзындығы процессор разрядтылығына байланысты, ол 16, 32 және т.б. биттерге тең болуы мүмкін.

      Кейбір жағдайларда сандарды компьютер жүйесі жадысында орналастыруда аралас екілік-ондық «санау жүйесі» пайдаланылады. Әрбір ондық белгіні сақтау үшін жарты байт (4 бит) және 0-ден 9 аралығындағы ондық сандар сәйкесінше екілік сандармен 0000 мен 1001 аралығында беріледі. Мысалы, 18 таңбалы сандардан әрі қарай және жадыда 10 байт орын алатын, олардың үлкені белгі болатын, бүтін сандарды сақтауға арналған ондық формат осындай нұсқаны пайдаланады. ЭЕМ сандарды орналастырудың екі кескіні пайдаланылады:

      – табиғи форма немесе бекітілген нүктелі форма;

      – қалыпты форма немесе өзгермелі нүктелі форма.

      Сандарды табиғи форматта жазу мысалы:

      38500 – бүтін сан, 0,000584 – дұрыс бөлшек, 6,2340 – дұрыс емес бөлшек.

      Қалыпты түрінде жүктелген шектеулерге тәуелді, мысалы, санның қалыпты форматының жазбасы:

18340 = 1,834 ∙ 104 = 0,1834 ∙ 105 = 1834000 ∙10-2 және т.б

      ЕТ-да сандардың шынайы форматында орналасуы тор разрядтылығының ұзындығына, бөлшек және бүтін бөлігінің тұрақты бөлінуіне қатысты болады. Сондықтан сандардың бұлай орналастырылуы бекітілген үтірлі деп аталады.

      Сандардың қалыпты форматта берілуі жылжымалы үтірлі деп аталады. Жылжымалы үтірлі форматта берілген сандармен көбінесе әмбебап компьютерлік жүйелер жұмыс жасайды, ал арнайы компьютерлік жүйелер бекітілген үтірлі сандармен, бірақ көптеген машиналар сандардың екі форматымен де жұмыс жасай береді.

      Әдетте, компьютерлік жүйелерде сандарды беру үшін биттік жиынтықтар пайдаланылады, ол белгіленген ұзындықтағы нөлдер мен бірлердің тізбегі. Тұрақты ұзындықтағы жиындарды

Скачать книгу