Скачать книгу

түрде берілген есептің шартын жұмыс жасайтын программаға айналдыру. Қазіргі таңда «бесінші буын» термині анықталмаған болып табылады және көптеген мағынада қолданылады, мысалы бұлтты есептеу жүйесін (ЕЖ) сипаттағанда. Есептеу техникасының (ЕТ) жаңа технологиялық мүмкіндіктері есептерді шешу ауқымын кеңейтіп, ЖИ-дің есептеріне көшуі керек. ЖИ-ді жасау үшін қажетті құраушының бірі, ол ғылым мен техниканың әртүрлі бағытындағы білім қоры. Деректер қорын (ДҚ) жасап, оны пайдалану үшін жоғары жылдамдықты ЕЖ және үлкен көлемді жады керек. Әмбебап компьютерлер жоғары жылдамдықты есептеулер жүргізе алады, бірақ магниттік дискіде сақталған үлкен жазбадан тұратын салыстыру және сұрыптау амалдарын жоғары жылдамдықпен жүргізе алмайды. Программаны жасауға, толтыруға, ДҚ-на өзгертулер енгізіп жұмыс жасауға арналған, басқа программалау тілдерімен салыстырғанда үлкен мүмкіндіктерге ие арнайы объектілі бағытталған және логикалық программалау тілдері пайда болды.

      Алтыншы және одан арғы буындар. Электронды және жаппай параллельденген оптоэлектронды компьютерлер, нейронды құрылыммен, үлкен санды үлестірілген желідегі микропроцессорлар, нейронды биологиялық жүйелерді модельдеу архитектурасы қарқынды дамитын буын болмақ деп жобалануда.

      2.2. Компьютерлік жүйелердің компоненттері

      Компьютерлік жүйелердің келесідей компоненттерін ажыратуға болады:

      – ішкі аппараттық қамтамасыздандыру, оларға жабдықтар мен өндіріс технологиясының жиынтығы жатады;

      – ПҚ, оларға ОЖ, файлдық жүйе және командалар жүйесі жатады;

      – сыртқы аппараттық қамтамасыздандыру желілердің тысқары құрылғыларынан тұрады.

      Дербес компьютердің негізгі элементтері:

      1) жүйелік блок;

      2) монитор (дисплей);

      3) пернетақта;

      4) тінтуір.

      Ашық архитектура қағидасы.

      Дербес компьютер (ДК) деп бір пайдаланушыға бағдарланған компьютерді айтамыз.

      Дербес компьютерлер ашық архитектураның қағидасына негізделіп құрылады.

      Ашық архитектураның қағидасы дегеніміз:

      – компьютердің жұмыс жасау қағидасының конфигурациясы мен сипаттамасы бойынша стандартталған және регламенттелген. Бұл жерде конфигурация деп аппараттық жабдықтар мен олардың бірігу жиынтығын түсінуге болады. Әртүрлі тәуелсіз өндірушілер дайындаған және өңдеген жеке бөлшектер мен жинақтардан компьютерді құрастыруға болады;

      – компьютердің әртүрлі кірістіру және жаңғырту мүмкіндіктері арқылы арнайы ішкі кірістіру ұяшықтарына түрлі құрылғыларды орнатып, яғни пайдаланушы өзінің таңдауы бойынша өз компьютерінің конфигурациясын өзгерте алады.

      Егер барлық әртүрлі құрылғыларда бірдей интерфейс болса, оларды бір-біріне қосуға болады.

      Интерфейс (ағылш. interface: inter – арасы және face – бет) – бұл логикалық және физикалық параметрлері өзара сәйкес келетін екі құрылғыны қосу. Әдепкі интерфейс ретінде әдетте халықаралық

Скачать книгу