ТОП просматриваемых книг сайта:
Индуизм. Дарига Кокеева
Читать онлайн.Название Индуизм
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-2518-7
Автор произведения Дарига Кокеева
Жанр Прочая образовательная литература
Издательство КазНУ
– әлемдік жанның дыбыстық формасы. Упанишад бойынша барлық тірі я өлі тіршілік қасиетті Ом буынынан бастау алады. Әрі осы буынның психотерепиялық эффектісі шексіз болып саналғандықтан барлық дыбысталулар құрбандық барысында қате болып шықпауы керек. Барлық талап-тілек «ОМ» дыбысталуынан кейін іске асады. Оның эквиваленті – Омкара. Осы бойынша құдайды танытып отырады [38, 145-148 бб.].
Әуенді түрде «ОМ» немесе «O-U-М» 3 негізден құралған. Осы «ОИМ» – ды әуендеген пенде дәстүрлі түрде барлық кедергіден айығады. Сол үшін де жалбарыну барысында тәртіпті сақтаған жөн.
Свастика
– крест формасындағы белгі \таңба\. Оның төрт жағында иілген таңба періштелер қаруы деп түсіндіріледі. Сондықтан бұл белгіні кез келген діни рәсімдерде пайдаланудың маңызы зор.Ганишпуранда «Свастика» белгісі Ганеш құдайының формасы болып табылады деп айтылады. Кез келген істі бастау алдында свастиканы еске тұтқан абзал. Бұл барлық бөгеттің алдын алады. Свастика белгісін елемеген адам үнемі сәтсіздікке ұшырайды. Сондықтан да барлық істі свастикамен бастау керек деп сендіріледі. Яжурведа, 25-19-да: бәріне белгілі Индра құдайы адамзатты жарылқап, молшылыққа, әрі ілімге кенелтеді. Бхагаван Врехаспати мәтінінде свастиканы еске алу әр үйге рақым төгеді десе, Атхарваведа, 1-31-4 – те: құдай бізге алғыс жаудырады, мүйізді аң бізге сәттілік әкеледі. Барлық адамзатқа мейіріміңді төге гөр! Осы әлемде байлық, біліммен адамзатты жарылқа! Бізге ұзақ ғұмыр бер! деп жалбарынады.
Свастика
сондай-ақ, Сатия ретінде танымал болған-дықтан Судпаршан Шакраның символы болып табылады. Свастиканың төрт жағы өзіндік мәнге ие. Ол діни мәтіндерде былай түсіндіріледі: Свастиканың сегіз қаруы – жер, от, су, ауа, көк, ой, сезім, эмоцияның символы. Ал басты төрт қаруы жоғарыда атап өткен төрт ережемен байланыстылығын көрсетеді. Олар төрт дәуір – сати-юг, трити-юг, двакар-юг және кали-юг. Сонымен қатар, төрт кастаны – брахман, ваиший, кшатрий, шудра, төрт ашрамды – Брахмашарья, Грихаспати, Ванпрасатх және Санниясты, сондай-ақ, свастиканың жан-жағындағы төрт белгі Брахманың төрт жүзі мен қолын, Веда ілімдері: Ригведа; Яджурведа, Самоведа, Атхарваведаны, сондай-ақ, адамзат қалыптасуындағы негізгі символ – дһарма (ағартушылық), артха (өнер), каам (құмарлық), мокша (құтқарылу) бағыттарын көрсетеді.Ригведаның бірінші гимнде свастика Сурьяның нышаны ретінде айтылады. Амаркошта жарылқаудың бағытын білдірсе, Атчарьялоста свастика Брахма ретінде дәріптеледі. Сонымен қатар жарылқау құдайы ретінде Лакшмиде қарастырылады. Осылайша, свастика барлық құдайлардың жақсы қасиеттерін нұсқаушы болып табылады. Сондықтан свастиканы жоғары бағалау және оны күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінде қабылдау абзал. Белгі, таңбаларды негізге ала отырып, Шри Рамакришна: «Кімде сенім бар болса, ол жетіспеушіліктен ада болады. Бұл сенім – құдайға деген сенім. Өмірге, өлімге деген сенім», – дейді [39,