ТОП просматриваемых книг сайта:
Индуизм. Дарига Кокеева
Читать онлайн.Название Индуизм
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-2518-7
Автор произведения Дарига Кокеева
Жанр Прочая образовательная литература
Издательство КазНУ
Свами Вивекананда рухани ұстазды (гуруды) күнмен теңестіреді. Ұстаздың бейнесінен оның ілімі күн сияқты шашырап тұруы керек дей келе, рухани ұстаздарға мынадай сипат береді.
Рухани ұстаз қасиетті кітаптардың құпиясын терең меңгерген болуымен қатар пәк болу керек және жүрегі құдайлық сезімге толы болуы шарт [34, 38 б.].
Гуру отбасын құра алады. Ол – отбасының жетекшісі. Сондықтан олар өз міндетін мұрагерлікке қалдырып отырады. Гуру өз қарауындағы тақуалар мен дуаналарды қалай басқарса, отбасындағы да билік солай қадағаланады. Рухани жетекші діни ілім алған кез келген брахман бола алады. Гуру йога барысында құдай ретінде танылады. Мәртебесі құдаймен теңестіріледі. Мысалы, орта ғасырда жазылған еңбек «Йогашикхопанишадта»:
– Гуру – ол брахман;
– Гуру – ол Вишну;
– Гурумен еш нәрсені теңестіруге болмайды;
– Оған беріліп, құлшылық ету керек;
– Ол құдайлық данышпандылыққа ие;
– Ол жоғары құдайдың өзі;
– Ізденуші қашанда гуруға қызмет көрсетуге міндетті [35, 363 б.] – деп көрсетілген.
Басқа жазба дерек тантризм әсерінен шыққан «Гуру Гитаға» үңіліп көрелік:
«Егер сіз гуру мен құдайды кездестіретін болсаңыз алдымен гуруға иіліңіз. Себебі сіздің ғибадатханалардағы жалбарынысыңыз ең алдымен гурудан басталады. Шәкірт ұстаздың алдында күнделікті тағзым жасап, одан қалған тамақтарды жеумен қатар оның есімдерін қайталаған жөн. Әрі осы діни жазбада гурудың айтқандарын сөзсіз тыңдау керектігі де айтылады [36, 225 б.].
Ал гуру өзіне тиесілі қасиетті көрсете алмаса ше? Онда гуру да оның ізбасарлары да құлдырайды не болмаса кармадан арылады деген сөз. Сондықтан индуизмде өз пайдасы үшін қызмет ететін гуру жалған үнділік тоталитарлық ағымының негізін салушылар үшін ең ыңғайлы сарын болып табылатындығын көреміз. Рухани абыз бен «жалған» үнділік гурулардың таратқан ағымдары туралы келесі бөлімшелерімізде толығырақ тоқталамыз.
Индуизм абсолютті Брахмаға немесе Омкараға сенеді. Себебі, үнді дүниетанымында көптеген алып кейіптермен басқа да жаратылыстар осының қолдауымен іске асатындығына күмән туғызбайды. Бұлар құдайлар пантеонымен және политеизм жүйесімен дәлелденген. Үнді дін жүйесінде біртіндеп пайда болған қасиетті сан «Үш» болып саналады. Тримурти Веда гимнінде аталмаса да Веда «Үштік» құдайдың қайнар көзі болып табылады. Веда ақындарының пікірінше, табиғаттың барлық күш-жігері осы үш бастаманың қол астында дейді. Үштік құдайлар – Брахма, Шива және Вишну бүгінгі таңда үнді аңыздарында үлкені болып көрсетіледі.
Индуизм тәжірибесінде мантра кең қолданылады. Мантра санскрит сөзі. Ол «буын,