ТОП просматриваемых книг сайта:
Индуизм. Дарига Кокеева
Читать онлайн.Название Индуизм
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-2518-7
Автор произведения Дарига Кокеева
Жанр Прочая образовательная литература
Издательство КазНУ
Веда ілімінде, қасиетті Үнді жазбаларында басқа құдайларға қарағанда Үштіктің алатын орны ерекше, яғни басым десек те жаңылмаймыз. Индуизм полиморфизмі көптүрлі объектерді құрметтеуден тұрады. Құдайға жалбарыну «Тримурти» концепциясымен байланысты. Гита мәтіндерінде Жоғарғы құдай туралы ұғым ерекше орынға ие. Гита упанишадтағы тұлғасыз Абсолютті Жоғарғы құдаймен теңестіреді. Сондықтан Абсолютті Брахманның мифологиялық кейпі Құдай болып та, Абсолютті тұлға болып та көрініс табады [43, 262 б.]. Құдайлар пантеонының бастысы ретінде таныталатын «Үштік» – Абсолют Брахман деп танылады. Олардың бірі Брахма – әлемді жаратушы, бірі Шива – қиратушы, бірі Вишну – реттеуші ретінде танымал. Аталмыш құдайлар миллиондаған үнділердің жүректерінен орын алған [44, 13 б.], – деп үнді зерттеушісі П. Динанатһ Шастри жеткізеді.
Үнді дүниетанымы бойынша Веда пантеонында маңызды орынды дева, яғни құдайлар алады. Ерте кезде үнділер оларға антропоморфтық сипат бере отырып, адамдардың мінез-құлқын, өмірге деген құлшынысын жазған. Құдай санскрит тілінде дева терминіне ие болуымен қатар, див немесе дию сөзінен шыққанын білдіреді. Дева бірде нұр шашу мағынасына ие болса, бірде аспан мағынасына ие. Осы есімдер аспанмен тікелей байланысты екенін көрсететінін аңғаруға болады. Веда теологиясы бойынша 33 құдайдың бәрі станасқа (аспан, жер және ауа), яғни мекеніне байланысты үшке бөлінеді.
Индуизмнің негізі Ведалар мен басқа да қасиетті мәтіндерден тұрады. Индуизм ертедегі құндылықтарды сақтауымен қатар жоғарғы күш туралы түсініктерінен бас тартқан емес. Көптеген Веда құдайларының арасынан біразы үнді халқының санасында мәңгіге сақталып қалды [45, 228-240 бб.].
Индуизмнің маңызды құрамы болып табылатын аңыздар әрбір үнді өмірінде үлкен құндылықтарға ие. Үнді халқы эпикалық аңыздардан Рамаянаданан басқа Махабһаратаны, құдайлар мен кейіпкерлер соғысының ұлы тарихын біледі. Аңыздағы үлкен көлемдегі көптеген көріністер мен әрекет етушілер – құдайлар, жартылай құдайлар, шайтандар, кейіпкерлер, тақуалар, данышпандар, сұлулар, әскерилер және құлдар болып табылады. Махабһаратаның мазмұны күрделі және әр тармақты.
Ерте ведалық, брахман және упанишадтар мәтіндерінің орнын басқан эпикалық поэмалармен бірге индуизм аңызының негізгі құрамдас бөлігі әрі көркем аңыздар жинағы болып табылатын пурандар да басты орынға ие.
Үштік құдайдың бірін мадақтай отырып, пуранда оның өмірбаянын және оның қызметі мен күші, ерлігі баяндалады. б.д. І ғ. пурандарда үнді дүниетанымындағы құдайлар пантеонының басынан кешірген оқиғалары көркем, түсінікті әрі жеңіл тілмен жазылған. Бұл мәтіндер діни-мәдени жүйені қамтыған индуизмнің қалыптасуында да басты рөлді атқарды [45, 250-251 бб.].
ХІХ ғ. ғалымдар табиғи құбылыстарға сүйене отырып, мифологиялық материалдардың интерпретациялық әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. «Махабхараттаның»