ТОП просматриваемых книг сайта:
Индуизм. Дарига Кокеева
Читать онлайн.Название Индуизм
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-2518-7
Автор произведения Дарига Кокеева
Жанр Прочая образовательная литература
Издательство КазНУ
7. Вишнудың жетінші амал-әрекеті – Домкрат Айодха кейпінде келуі.
Айодха – санскрит тілінен аударғанда мінез-құлықтың ең биік шыңы деген мағынаны білдіреді. Патша дүниеден өткен соң перзенті Айодха билік ету керек еді. Алайда, өгей анасының араласуымен ол 14 жылға елден қуылады. Ел сыртында жүрсе де әпкесі Ситаны ұрлаған Раваны өлтіреді. Данышпан Валмики Айодха туралы Рамаяна эпосына жазып қалдырды. Зұлымдыққа арналған бұл классикалық мысал 24000 өлеңнен тұрады. Бұл әрекетте Айодханың кейпіне түскен Вишну мінез-құлықтың парасаттылығын көрсетеді.
8. Вишнудың сегізінші амал-әрекеті – Кришна бейнесіне келуі.
Вайшнайттердің көбісі Вишнуды дәріптеуші Кришнавайшнавтар атауымен танымал. Моральды басшы ретінде танымал Кришна Вишнудың сегізінші кейпі. Бұл жайында үнді эпикалық поэма «Махабхаратада» кеңінен айтылған. Басқа да толықтырушы қасиетті жазбалар: Харивамса, Панчарата, Бһагават-Гитадан кездестіруге болады. Үнді жазба деректері бойынша Кришна үңгірде Иса Мәсіхке дейін 1400 жылы келген дейді. Камса патшаның бұйрығы бойынша дүниеге келген барлық нәресте өлтірілуге тиіс болғандықтан әкесі Васудева Матур патшасынан ұлын аман алып қалу үшін Нанд малшысына қамқорлыққа береді. Вишнудың Матур патшасынан дүниеге келген барлық нәрестелерді аман алып қалу мақсатында Кришна бейнесіне түсіп, патша зұлымдығын жою керектігі баян етіледі.
А. Барттың «Религии Индии» атты еңбегінде Е.П. Блаватская «Кришна Будданың кейпі әрі үнді дініне табынушыдарының құтқарушысы. Кришнаның ана жатырында пайда болуы, тууы және балалық кездегі өмірі Жаңа Өсиеттегі тарихтың нақты протипі. Осыған байланысты миссионерлер Христостың туу туралы тарихын үнділер Үндістанға келген ежелгі христиандардан ұрлап алған деп дәлелдеуге тырысады» – десе, Мэнли П. Холл Кришнаны Христостың үнділік баламасы деген ой тастайды. Кейбір авторлар үшін «Кришна өзінің халқына қырғын соғыстағы өліміне күле қарап, сол халықтың тоқырауын дайындаған Құдай, себебі оның жерге келудегі мақсаты жер бетін қаптаған тәкаппар халықтан тазатру» деп атап көрсетіледі [56, 276 б.].
Бһагават-Гита осы мектептерді дәріптейтін