ТОП просматриваемых книг сайта:
Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс
Читать онлайн.Название Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2163-9
Автор произведения Жомарт Жеңіс
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Х ғасырдың аяғын ала ұлан-байтақ араб халифатының сыртқы саясаты дағдарысты бастан кешiрдi. Алғашқы халифтар кезiнде ислам әлемiне қосылған ұлан-ғайыр иелiктер бiртiндеп уыстан шыға бастады. Бұл процесс әсiресе Византия империясының басына бiрiнен соң бiрi келген қолбасшылар Никифор Фоку, Иоанна Цимисхия, Василий Болгаровойцтың кезiнде күшейе түстi. 961 жылы сегiз айлық қоршаудан соң Никифор мұсылмандардың негiзгi тiрегi Крит аралын алды. Бұдан соң бес жыл өткен соң Кипрдi алды. Бұл оқиғадан соң Жерорта теңiзiндегi ислам билiгi құлады. 962 жылы Никифор Алеппо, 965 жылы Масисса, бұдан соң ақыр соңында мұсылмандардың ең берiк тiрегi Тарсты алды. 968 жылы Никифор Иоана Крестительдiң басы алынған Хама мен Химстi алды. Бұдан соң Летакияны, келесi қыста жеңiлмейтiн Антиохияны алды. Х ғасырдағы Византия әскерiнiң шабуылынан Сирия мен Месопотамияның бiрқатар аудандарында мұсылмандар сиредi. Өйткенi арабтар византиялықтар келiсiмен-ақ қорқып қашты немесе басқа аймақтар мен аудандарға көшiрiлiп, босаған аудандарға грек, армян, сириялықтар сияқты христиан халықтарын орналастырды. Мұндағы мақсат мұсылман халқына қарсы оларды тiрек ету болды. Олар жер алып, есесiне әскери қызмет атқаруға тиiс болды. Көз алдында болып жатқан дiн мен елге қатерлi процестерге халифат басшылығы көз жұма қарады.
972 жылы христиан күштерiнiң шабуылынан Қос өзен аймағы бос қалып, Нисибия тоналғанда, Бағдадта ашуланған халық көтерiлiске шықты. Әсiресе мұнда Месопотамия мен Сириядан қашып келген мұсылмандар үлкен рөл атқарды. Ашынған олар мешiттердегi мiнәжаттарға бөгет жасап минбарлардың күл-талқанын шығарды. Ашуланған халық халиф сарайына шабуыл жасады. Мұсылмандардың қысымымен византиялықтарға қарсы алпыс мыңдық ерiктiлер армиясы құрылды. Ерiктiлер халифтан «қасиеттi соғысқа» қаражат сұрады. Тек ұзақ тегеурiндi талап етуден соң ғана, қарсыласып баққан халиф төрт жүз мың дирхем бердi. Бұл ақшаны ол тек өз сарайындағы кiлемдерi мен киiмдерiн, қорғасындарын, тикпен тысталған ағаштарын сатқан соң ғана жинады. Осы оқиғадан соң халық арасында «халифты тәркiледi» деген кекесiндi әңгiме тарады. Бiрақ Бахтияр сұлтан бұл ақшаны өз мақсатына пайдаланып кеттi. Ал ерiктiлер армиясы болса өздерiмен өздерi, сунниттер мен шииттер болып екiге бөлiнiп жағаласты. 974 жылы византиялықтар Баальбек пен Бейрутты жаулап алды. Ал Дамаск жыл сайын алпыс мың динар контрибуция төлеп тұруы тиiс болды. Оңтүстiкте Нувия тарапынан көне Рим империясының шекарасы қалпына келтiрiлдi. 943 жылы Мысырда болған ал-Масуди Нувия тұрғындарының империяға құлдармен салық төлеп тұратынын жазды. 955 жылдары нубиялықтар тiптi өздерiнiң шекаралық