ТОП просматриваемых книг сайта:
Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс
Читать онлайн.Название Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2163-9
Автор произведения Жомарт Жеңіс
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Хариджилердiң пайда болуы «ля хукм ала иллах» (құдайдың билiгiнен басқа үкiм жоқ) ұранына тiкелей байланысты болды. Олар Әлидi де, сол кездегi омеялық халиф Муаввиенi де, тiптi Омарды да мұсылмандардың арасындағы алауыздықтың себепшiсi деп бiлдi. Әли қайтыс болған соң хариджилердiң маңызы арта түсiп, Омар қайтыс болған соң омеялардың шiрiген саясатына риза емес халықтың бiр бөлiгi олардың тарапына өттi. Омеялар тұсында хариджилер мәселесi Ирандағы ең басты қиыншылықтардың бiрi болды да аббасилер тұсында бiршама уақыт өз маңыздылықтарын жоғалтпай, бiрақ бiртiндеп тарих сахнасынан кеттi. Олардың халифатқа қарсы күресiн махдилiк шииттер, карматтар мен фатимилер жалғастырды. Осылайша, Х-ХІ ғасырлардың дiни өмiрiнiң басты ерекшелiктерi ортодоксальды исламға зиян келтiретiн шиизм бастаған нанымдардың ислам қоғамында күш алуы болды.
Халиф билiгiнiң осалдығы мұсылмандардың арасындағы алауыздықтары мен қақтығыстарды тоқтата алмады. Ал-Макдисидiң жазуынша: «Ал-Машрикте басқа облыстарға қарағанда ғылым мен заңтану күштi дамыды. Дiн уағызшыларының даңқы керемет жоғары болды. Бұл жердiң тұрғындарының байлығы да көп болды. Бұл жерлерде христиандарға қарағанда еврейлердiң саны көп. Сонымен бiрге әртүрлi магтардың саны да жетерлiк. Әли ұрпақтарына жоғарғы құрмет көрсетiледi. Бiрақ сен бұл жерден хашимилердi кездестiрмейсiң. Хариджилер Седжестанда, Гератта, Керух, Астрабианда көбiрек. Нишапурда мутазалиттердiң саны басым. Әбу Ханифа iлiмiн ұстанушылардың денi Шаш, Илак, Тус, Неса, Абиверд, Тараз, Сығанақта. Ал шафиилер Бұхара, Синдж, Данданекан, Исфариан, Джуянда көбiрек».
Исламдағы мұндай дiни ала-құлалық оларды ұстанушылар арасында дiни алауыздықтың болмай қоймайтынын көрсеттi. Иран жерi де осы ағымдардың жақтаушыларының күрес майданына айналды. Нишапурда шииттер мен керрамилер, Серахста Әбу Ханифа мен шафии ағымдары арасында, Джурджан мен Бекрабад қалаларының арасында дiни негiзде ал-Хасан жақтастары мен керрамилер арасында «жабайы төбелеспен алауыздық» орын алды. 998 жылы Бағдадта шииттердiң екi үлкен дiни салтанаты ал-Ашура (10 мұхаррам) мен Тадир Хуммды (18 зу-л-хадж) тойлаған кезде халық толқулары күшейдi. Сунниттер оларға қарсы екi салтанат – Мус'аба б. зубайра (18 мухаррам), үңгiр күнi – Иаум ал-ғар