ТОП просматриваемых книг сайта:
Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Читать онлайн.Название Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0673-5
Автор произведения Өтеғали Шеденов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының экономикалық белсенді тұрғындардың жалпы санына қатынасы. Әрбір мемлекет үшін экономикалық өсу үшін зиянын тигізбейтін жұмыссыздық деңгейінің ресми мәліметтері бар. Халықаралық стандарттарға сәйкес, егер жұмыссыздық деңгейі еңбекке жарамды халықтың 20 %-ына жетсе, онда бұл мемлекеттегі дағдарыстың бар екендігін білдіреді және төтенше жағадайлар енгізуді қажет етеді. Ең қолайлысы он проценттік көрсеткіш болып табылады.
Келесі көрсеткіш – тұрғындардың жұмысбастылығы деңгейі. Жұмысбастылық деңгейі тек жұмыссыздық деңгейімен ғана емес, сонымен бірге аймақ экономикасының ахуалымен де байланысты. Бұл жерде 60 % шекті мәнін қабылдауға болады. Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер аясында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін жұмыс күшінің психикалық және физикалық денсаулығы үлкен маңызға ие. Адам капиталының сапасы аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және еңбек өнімділігін анықтайды. Оған қоса, адамның өмір сүру шарттары қиындауда. Заманауи өндіріс қарқындарының өсуі және шиеленісуі әсерінен жүйкелікпсихикалық жүктемелер көбейеді. Осының барлығы күйзелістің және психоэмоционалдық стресстердің өсуіне алып келеді. Бұл стресстерді жою мемлекеттегі әлеуметтік саланың қаншалықты жақсы қызмет ететіндігіне байланысты болады. Сондықтан, әлеуметтік саланың қызмет етуінің қауіпсіздік критерийлерінің бірі суицид деңгейі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша өзіне өзі қол жұмсаудың шекті деңгейі 100 мың адамға шаққанда 20 суицид ретінде анықталады. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын келесі индикатор қылмыстылық деңгейі болып табылады. Ол тұрғындардың 100 мыңына шаққанда саналады. Дүниежүзілік тәжірибеде 100 мың тұрғынға шаққанда 6 мың қылмыс шекті мән болып саналады. Экологиялық тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің анағұрлым маңызды блогы болып санала тұра, тек республика аумағындағы экологиялық нақты ахуалды ғана емес, сондай-ақ барлық салалар мен экономикалық қызметтің құрамдастарымен органикалық тығыз байланыста болады. Мәселен, еліміздің тұрақты даму стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі табиғи ресурстарды рационалды қолдану адамның өмір сүруінің салауатты ортасын қалыптастыру, оның мәдени және рухани жетілуіне жағдайлар жасау болып табылады.
Осыған сәйкес, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі және тұрақты дамуы келесі көрсеткіштерді қамтуы тиіс: аймақ бюджетіне экологиялық төлемдер есебінен түсетін түсімдер, аймақ бюджетіндегі қоршаған ортаны қорғауға кеткен шығындардың үлесі, қоршаған ортаға ластанған заттардың көлемі, утилизацияланған